» » Ақтөбеде мектепті алтын белгімен бітірген түлек 9 жылға сотталды

Ақтөбеде мектепті алтын белгімен бітірген түлек 9 жылға сотталды

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 17 жастағы Бекназ Кеңшілікке үкім шықты, - деп хабарлайды "Edunews.kz" AA NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

Физика-математика пәнін тереңдетіп оқытатын мектепті алтын белгімен бітірген сотталушы 9 жылын түрмеде өткізетін болды. Ол өзінің құрдасы Азат Дүсіповтың жүрегі мен бүйрегіне бірнеше рет пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан қашып кеткен.
"Бекназ Кеңшілік Қылмыстық кодекстің 99 бабы 2 бөлімінің 9 және 14 тармағымен кінәлі деп танылып 9 жылға бас бостандығынан айырылсын. Сот жәбірленуші тараптың құжатпен тапсырылған материалдық шығынын есептеп 2 млн 652 671 теңге өндіру заңды деп тапты. Туған баласынан айрылып жан, тән азабын тартқан отбасыға 3 млн теңге моральдық залал өндіруді дұрыс деп есептейді ," - деді судья Алтынбек Сабыров.
Жазаны өтеу орны қылмыстық атқару жүйесінің кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған қауіпсіздігі орташа мекеме деп бекітілді.
Еске салсақ, қанды оқиға маусым айында болған еді. 17 маусым Ақтөбедегі №19 мектептің түлегі пышақ жарақатынан көз жұмды. 17 жастағы Азат Дусуповты өлтірді деген күдікпен ұсталған Бекназ Кеңшілік қылмысын мойындап, марқұмның ата-анасына жылап тұрып кешірім сұрап, оқиғаның мән-жайын айтып берген еді.
Мемлекеттік айыптаушы күдіктіні 9 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99 бабының бөлімі 9 және 14 тармағымен қаралды.
Үкіммен келіспеген жәбірленуші тарап апелляциялық арыз түсірмек.

12 қазан 2018 г. 1 240 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 250 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 620 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031