» » Ақтөбеде «Алтын белгі» иегері 9 жылға сотталуы мүмкін

Ақтөбеде «Алтын белгі» иегері 9 жылға сотталуы мүмкін

Ақтөбеде өз құрдасын пышақтап тастаған Бекназ Кеңшілік 9 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бүгін сотта жарыссөз басталды. Бұл туралы "Edunews.kz" AA Jasqazaq.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мектеп түлегінің өліміне қатысты іс қаралып жатыр. «Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша айыпты деп танып, 9 жылға бос бостандығынан айыруды сұраймыз. Ол жазасын кәмелетке толмағандарға арналған қауіпсіздігі орташа мекемеде өтесін», — деді мемлекеттік айыптаушы Азамат Байболатов. 

Ал қаза болған Азат Дүсіповтің әкесі ақша ұсынған айыпталушыларға ренішін білдірді. Ол баласын сатпайтынын, өмірін ақшамен есептемейтінін жеткізді. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбеде екі мектеп түлегі арасындағы өзара келіспеушілік өліммен аяқталды. Пышақ жарақатынан №19 орта мектептің түлегі Азат Дүсіпов аурухананың жансақтау бөлімінде қаза тапты. Сотқа дейінгі талдау кезінде айыпталушының қорғаушылары қаза болған Азат Дүсіповтің ата-анасынан кешірім сұрады. Ал негізгі сот отырысы кезінде екі жігіт арасындағы жанжал би алаңында басталғаны белгілі болды.

11 қазан 2018 г. 1 376 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 777 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930