» » Қызылордада робот техникасынан облыстық іріктеу чемпионаты өтті

Қызылордада робот техникасынан облыстық іріктеу чемпионаты өтті

Қызылордада робот техникасынан «Kaz Robo Project-2019» жобалар сайысына облыстық іріктеу чемпионаты өтті, - деп хабарлайды "Edunews.kz" Ақпараттық Агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Аталмыш шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының екі жылдығына орай қолға алынды. Іріктеу чемпионаты «Болашақ» университетінде облыстық білім басқармасы және облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының қолдауымен ұйымдастырылды. 
Аталмыш чемпионатқа қатысушылар саны жылдан жылға артып келеді. Былтыр аталмыш сайысқа 60-қа жуық оқушы қатысқан еді. Биыл олардың саны 350 өренге жетті. Жас қызылордалықтардың интеллектуалды білімін жетілдіруге белсенді қызығушылығының себебі бар. Бүгінде аймақтағы мектептер жанынан робот техникасы сыныптары мен инновациялық үйірмелері ашылды. 
Сондай-ақ, балаларға арналған технопарқтер желісі қалыптасып келеді. 
Нәтижесінде, мектеп оқушылары халықаралық және республикалық деңгейде өткізілетін сайыстарға жиі қатысып жүр. Олардың арасында жылдан-жылға зор табыстарға қол созған балалар қатары көбеюде. Биыл аталмыш сайысқа Қызылорда қаласынан ғана емес облыстың барлық ауданынан мектеп оқушылары қатысты. Сайысқа түскен оқушылар таңқаларлық идеялар ұсынды. Мәселен, 6 сынып оқушысы Амангелді Әділет пропанның иісін анықтайтын құрылғы ойлап тапқан. Үйіңізден немесе басқа жерден газ құбырынан кеткен ақауды иіс арқылы сезіп, ұялы телефоныңызға қоңырау шалады.
Ең бастысы - мұның бәрі қарапайым телефонға жалғанған роботпен басқарылады. Шиелі ауданы Тартоғай ауылдық Ш. Есенов атындағы орта мектеп оқушысы Мұхтар Ернар «Наубайхана өндірісі» жобасын ұсынды. Мұнда бірнеше автоматтандырылған машина бидайды орып, көлікке тиеп ұнтақтайды. Дайын болған өнім балама энергиядан қуат алған пештерге жөнелтіледі. Яғни, бірнеше адам істейтін жұмысты қарапайым робот жасайды. Қалалық IT аймақ орда ресурстық орталығының оқушысы Раушанбек Бейбарыс 3D принтермен құйып жасалған жердің құнарлығын зерттейтін құрылғы жасаған. Адам аяғы бармайтын жерлерге арналған құрылғы жердің температурасын, ылғалдылығын ультрадыбыстар арқылы зерттейді. Қазалы ауданынан келген «Эрудит» командасы жіп иіретін ұршықты автоматтандырылған машинаға айналдырған. Оған қоса «Ақылды қоқыс жәшігін» ойлап тапқан. Инновациялық салаға қызығушылығы басым мектеп оқушыларының дайындаған құрылғылары көптің көңілінен шықты. 
«ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өміршең бағдарламалық мақаласында жаңғырудың 6 бағытын белгіліеп берді. Соның бірі - білімнің салтанат құруы. Заманауи инновациялық технологияларды есепке ала отырып, білім сапасын арттыру қажеттілігі басты мақсаттың бірі. Қазірдің өзінде технологиялық және экономикалық жаңалықтар қалыпты өмір дағдысын өзгертіп жатыр. Бұл алдағы уақытта тұтастай салалар нарықтағы қажеттілігін жоғалтып, кейбір мамандықтар мүлдем жойылып кетеді. Сол үшін де жаңа дағдылар мен іскерлікті игеруге, жаңа талаптарға бейімделуге шәкірттеріміздің қабілеттілігін арттыру - негізгі мақсат», - деді облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Нұрлыбек Мыңжас.
 


Дереккөз: ҚазАқпарат
03 мамыр 2019 г. 1 493 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 229 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 614 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031