Таразда мектептерде анонимді сауалнама жүргізілді

Алғашқы барған Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназия, Шона Смаханұлы атындағы №44 мектеп, Төле би атындағы №8 гимназияларда мектептегі ақша жинау фактілері анықталып, ата-аналар тарапынан да біршама былықтардың беттері көрсетілді. Мысалы: тексеріс кезінде, жөндеу жұмыстарына және басшылардың туған күніне ақша жинау, мәдени іс-шараларға билет сатып алу, газет-журналдарға мәжбүрлеп жазылу, санат алу кезінде ақша жинау және 6 қызметкер ақша беріп жұмысқа кіргенін көрсетті.
Ата-аналар өз кезегінде мектепте жөндеу жұмыстарына, кеңсе тауарларына, шаруашылық заттарына ақша және 1-3 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар беретінін, 4-9-11 сыныптарға алтынға ақша жинауды, қамқорлық кеңесінің керек емес екені, білім басқармаларының ақшаны дұрыс игеріп, ата-аналардың қалталарына мұғалімдер арқылы түспеуі туралы ұсыныстарын көрсетті.
Дереккөз: Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі