Білім және ғылым министрі мектепте өткен ата-аналардың жалпы ұлттық жиналысына қатысты
Білім және ғылым министрі Ақмола облысына қарасты Шортанды ауданындағы Бозайғыр ауылы орта мектебінде өткен ата-аналардың жалпы ұлттық жиналысына қатысты. Бұл шара 15 мамыр халықаралық отбасы күніне орай ұйымдастырылған, - деп хабарлайды "Edunews.kz" Ақпараттық Агенттігі.
Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы мектеп оқушылары ұйымдастырған шағын көрмеден басталды. Жиын басталмай тұрып, Күләш Ноғатайқызы балалардың жетістіктерімен танысты.
Жиналыс барысында министр мұғалім-оқушы-ата-ана үшеүі тығыз қарым-қатынаста болу керектігін баса айтты. Сондай-ақ, ата-ана балаға бақылаушы емес қамқоршы болуы керектігін, баланы мектепке шығарып салу, күтіп алу сияқты бірқатар кенестерін айтты.
Дереккөз: Қазақстан ұстаздары.