» » Латын әріпін енгізу – ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамытады

Латын әріпін енгізу – ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамытады

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Қазақ тілін латын әрпіне көшіру – бұл ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам», - деген еді. Қазіргі кезде латын графикасына көшуге қатысты жұмыстарға А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты басшылық етеді. Лингвист, компьютерлік бағдарлама дайындайтын мамандар, филолог ғалымдар мен сарапшылардан құралған арнайы комиссия жасақталды. Латын жазуына көшуге байланысты баспасөз бетінде жарияланған, тиісті орындарға келіп түскен түрлі жобалар сараптамадан өткізілуде.Бұл туралы «QazTalks» ашық әңгіме алаңында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек мәлімдеді.Дереккөз:abai.kz.

 − Биыл Астанада өткен әлемнің 35 мемлекетінен 380 делегат, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларынан, еліміздің өңірлерінен 300-ден астам өкіл қатысқан Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайында да жаһандану заманында қандастарымыз Атажұртынан тамыры үзіліп қалмасы үшін латын жазуына көшу мәселесіне байыппен қарап, тездету керектігін атап көрсетті. Елбасымыз қазақтар бұрынғы КСРО ауқымында, ТМД аумағында кириллица, Қытайдағы қандастарымыз төте жазу, батыс елдеріндегі бауырларымыз латын әрпін қолданып келе жатқанын, сөйлескенде тіліміз бір болғанымен, оқығанда тіліміз үш түрлі екенін, бір-бірімізді түсіне алмай, жазуын ұқпай жүргенімізді ескерте отырып, бұл жер жүзіне тарыдай шашылған қазақтың кейінгі ұрпағын бір-бірінен алыстататынын, жазуымызды ғылым мен техникаға үйлестіру үшін де латын графикасының оңтайлы болатынын айтты деді,- Ерден Қажыбек.

Латын жазуына көшудің бірнеше объективті себептерін спикер түсіндірді:

1. Қазақ халқының ұлттық бірегейлігі қалыптасады

2. Әлемдік ақпарат кеңістігіне енуге мүмкіндік береді

3. Қазақстанда ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың кеңінен таралуына мүмкіндік береді ,- деді.

Сонымен қатар, әлемдік тәжірибе көрсеткендей дамыған елдердің дені латын әріпін қолданып келеді.

07 тамыз 2017 г. 1 660 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 049 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 815 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930