» » Заңды белінен басқан №67 мектеп директоры жұмыстан кетті

Заңды белінен басқан №67 мектеп директоры жұмыстан кетті

 Астанадағы № 67 мектеп директорымен еңбек шарты ұзартылмайды. Бұл туралы бүгін Астана қаласы Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әнуар Жанғозин мәлім етті, деп хабарлайды alashinform.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 «№ 67 мектеп директорына қатысты мұғалімдер тарапынан келіп түскен шағымдар фактісі бойынша ішкі тексеруді жүргіздік. Оның қорытындысында мектептің әкімшілігі мен директоры жұмысына ескертулер анықталды. Мамыр айында директорға сөгіс жарияладық. Атап айтқанда, шағымдарда көрсетілген кейбір фактілер біздің құзыреттілікке жатпағандықтан, біз өтінімдерді  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, Ішкі істер департаментіне, Білім саласындағы бақылау департаментіне бағыттадық. Олар өз тарапынан да бірқатар тексерулер жасады. Тексеру нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық тұрғысындағы фактілері расталмады»,-деді Жанғозин Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Осы орайда ол шағымдарда атап көрсетілген мәселелердің негізді болмай шыққанын жеткізді. «Мектепте туындаған барлық проблемаларды, сондай-ақ жасалған сөгісті ескере отырып, мектеп директорымен еңбек шартын ұзартпау туралы шешім қабылдадық. Себебі еңбек шарты 2016 жылдың тамызында жасалған және ол бір жылға есептелген. Биыл тамызда шарттың мерзімі аяқталғандықтан, біз оны ұзартпайтын боламыз»,-деді ол. Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл мамырда Астана қаласы білім басқармасы елордадағы № 67 мектеп ұстаздары атынан келіп түскен шағым бойынша арнайы комиссия құрып, мектеп ұжымы мен оқушылардың ата-аналарымен кездесу өткізді. Бұған дейін қоғам белсендісі Ақмарал Омаралинова елордалық № 67 мектеп-гимназиясы директорының заңды белден басу әрекетіне қарсылық білдірген ұстаздардың пікірі туралы әлеуметтік желіде жазба қалдырған болатын.

11 тамыз 2017 г. 2 912 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 958 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031