» » ҚР құрама командасының қоржыны 4 медальмен толықты

ҚР құрама командасының қоржыны 4 медальмен толықты

2023 жылғы 13-19 сәуір аралығында Порторож қаласында (Словения) әлемнің 60 елінен 240 оқушы арасында қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиада (EGMO) өтті.

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасының қоржыны 4 медальға толығып, командалық есепте 15 орынды иеленді:
Мерей Темирзинова - Haileybury Astana мектебінің оқушысы – күміс медаль;
Анастасия Одинцова - Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің оқушысы – күміс медаль;
Ақерке Нурахметова - Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы – күміс медаль;
Амира Кенбаева – Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы – қола медаль.

Айта кетсек, Қазақстан олимпиадаға 2017 жылдан бері қатысып келеді. Алғашқы жылда қыздарымыз 1 алтын, 1 күміс, 1 қола, 1 грамота алса, биылғы жылғы жетістіктермен қосқанда барлығы 3 алтын, 9 күміс, 10 қола және 4 құрмет грамотасымен марапатталған.
Олимпиадашыларды және жаттықтырушыларды, мектептер ұжымын жетістіктермен құттықтаймыз.

------ WWW.PRESS.DARYN.KZ ------



18 сәуір 2023 г. 17 403 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 571 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930