» » Атырау жастарының табысы үшін

Атырау жастарының табысы үшін

 «Заңғар» инновативті білім беру жобасы аясында 16-22 жас аралығындағы жастарға арналған STEM (ағыл. – ғылым, технологиялар, инженерия және математика) жазғы мектебі ұйымдастырылды. Жастарды Халықаралық жастар қорының жергілікті серіктесі «Bolashak Engineering» компаниясының тренерлері оқытуда.Бұл туралы Атырау мемлекеттік университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

 Атыраудың әртүрлі оқу орнынан келген 50-ден аса жастары қазіргі таңда өзекті STEM-оқытудың негізін қалайтын робототехника, 3D модельдеу, бағдарламалау мен инженерия бойынша интерактивті бағдарламаға қатысуда.Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде өткізіліп жатқан осы курс соңында қатысушылар сертификаттар алып, өз қорытынды жобаларын Fab Lab Atyrau цифрлық өндіріс зертханасында жасауға мүмкіндік алады.

«Осындай курсқа мен бірінші рет қатысып жатырмын, сабақтары тиімді және қызықты өтуде. Әр келгенде жаңа ақпараттармен танысудамын. Стандартты емес интерактивті оқыту біздің ғылым,инженерия мен технологиялар салаларына деген қызығушылығымызды арттыра түсті», – деп қатысушы Айдана Мағзомова бөлісті.

Жаңа оқу жылы Атыраудың оқу орындарында тегін STEM-бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы «Заңғар» жобасы 10-22 жастағы жастар арасында техникалық мамандықтарды кеңінен танымалдандыруды және жас ұрпақты кәсіпке бағдарлауды жалғастырады. Осыған орай, 7 тамыз күні «Bolashak Engineering» компаниясы 5 жергілікті робототехника тренерін дайындауды бастады. Апталық тренерлер тренингінің мақсаты – қатысушыларға жастармен жұмыс жасағанда алгоритмдік ойлауды қолдану және сенсерлерді, Arduino платформасын және сол сияқты жабдықтарды пайдалануды үйрету.

«Тренерлерді дайындау біздің жоба аясында ұсынылатын STEM-бағдарламарын тиімді жүзеге асыруының бастапқы факторының бірі болып табылады. Тренерлерге кәсіптік қолдау көрсету және жалпы жергілікті кадрлық әлеуетті дамыту мақсатында осындай тренингтер жыл бойы жүйелі түрде жүргізілетін болады», – деді Нұржан Амангосов, Қазақстан Республикасындағы Халықаралық жастар қоры өкілдігінің бағдарлама менеджері.

STEM-білім беру «Шеврон» компаниясы және Атырау облысының әкімдігімен серіктестікте Халықаралық жастар қорымен жүзеге асырылатын «Заңғар» жобасының екі негізгі бағыттарының бірі болып табылады. «Заңғар» инновативті білім беру жобасы Атырау жастарының өмірлік дағдыларын дамытуды және  ғылым, технология, инженерлік жобалау және математика, яғни STEM салаларында білім беруді көздейді.

  
15 тамыз 2017 г. 3 648 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 037 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 813 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930