» » Омбудсмен Сағадиевті білім беру гранттарын бөлуде ашықтықты қамтамасыз етуге шақырды

Омбудсмен Сағадиевті білім беру гранттарын бөлуде ашықтықты қамтамасыз етуге шақырды

 Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің атына мектеп түлектері арасында мемлекеттік білім беру гранттарын үлестіру жүйесі қоғамдық резонанс тудыруына байланысты үндеу жолдады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

 ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметінің мәліметінше, Омбудсмен үндеуінде осы мәселе бойынша БАҚ-тағы хабарламалар мен оның атына келіп түсетін азаматтардың шағымдарына қатысты алаңдаушылығын білдірді.

Өз шағымдарында талапкерлер мен олардың ата-аналары білім беру грантын бөлуде әділетсіздікке жол берілетінін жеткізеді. Айтуларынша, гранттар Бірыңғай ұлттық тестілеудің қорытындысы бойынша аса төмен нәтиже көрсеткен, алайда «Алтын белгі» белгісі бар түлектерге берілген, сол уақытта жоғары балл алғандар мемлекеттік қаражат есебінен оқу мүмкіндігінен айырылған.

Алдыңғы жылдары алтын белгі үміткерлері өздерінің басымдық құқықтарын ҰБТ жинаған балдарының қорытындысы бойынша растаған. Алайда білім жүйесіндегі жүргізілген реформалардан кейін «Алтын белгіні» тағайындау мектеп бітіру емтихандарының шешімдеріне сәйкес жүргізілді.

Аталған белгінің иегерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 446 қаулысымен бекітілген Жоғары оқу ақысын төлеуге арналған білім беру грантын тағайындау Ережесіне сәйкес, конкурс барысында білім беру гранттарын алудың басым құқығына ие болды.

Осыған байланысты Омбудсменнің пікірі бойынша уәкілетті органның білім беру гранттарын бөлу мәселесі бойынша бірқатар түсіндірмесі белгілі бір екі мәнділікке әкеліп отыр. ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастапқы түсіндірмелерінде бұл жағдай, бұрынғы жылдардағыдай, гранттарды басым мамандықтары бойынша бөлуіне байланысты қалыптасқанын түсіндірді. Сонымен қатар, қажетті білім беру грантын алу үшін әрбір мамандыққа әртүрлі өту ұпай деңгейі белгіленген еді.

Жағымсыз қоғамдық реакцияны ескере отырып, Омбудсмен қорытынды мектеп аттестаттаудың жаңа форматын енгізу кезінде мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу және тағайындау тәртібі құқықтық тұрғыдан дұрыс реттелмегеніне назар аударды.

Кейіннен уәкілетті орган гранттарды тағайындау «Алтын белгі» иегерлерінің артықшылығын есепке ала отырып жүргізілгенін растап, үміткерлердің тізімін қайта қарастыру ниетін жариялады.

Бұл жағдай, өз кезегінде, білім беру грантына үміткерлер тізімдерін уәкілетті органның қайта бөлуі және жаңартуына байланысты «Алтын белгі» иегерлері тарапынан сұрақ туындады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атына шағымданушылар 14 тамыздағы жарияланған жаңа тізім бойынша жоғары балл алған «Алтын белгі» иегерлері өзі таңдаған мамандығы бойынша емес, жалпы негізде бөлініп кеткенін атап өтті.

БАҚ-та БҒМ басшылығы тағайындалған грант тізімін қайта қарау шаралары жүргізіліп жатқанын және «Алтын белгі» иегерлерінен бөлек қайта қаржыландыру шаралары жоғарғы оқу орындары есебінен жүргізілетінін хабарлады.

Алайда бұл шара, Омбудсменнің пікірінше, заңдық тұрғыда берілген санаттағы түлектердің республикалық бюджет қаражаты есебінен кепілдік берілген білім беру грантын алу үшін жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етпейді.

ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталық басшысы гранттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес берілгенін айтады, алайда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Астана және Алматы қалаларында орналасқан медициналық жоғарғы оқу орындарына бөлінген 220 грантының қолданыстағы күші тоқтатылған.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл бұл әлеуметтік мәселеде білім беру грантын бөлу жөнінде қандай да бір мемлекеттік органдар құзыреттілігіне қарамастан, орталық мемлекеттік органдар әрекеттерінің үйлеспеуі, қоғамда жалпы тұтастай алғанда білім беру жүйесіне теріс көзқарас тудырады деп санайды.

Бұл тұрғыда, кең қоғамдық резонанс тудырған проблемалық мәселелер халық арасында нормативтік-құқықтық базаны тиісті түрде талдау жүргізу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының қажеттілігі айтылды.

Бұл ретте Омбудсмен жан жақты мән-жайларды ескере отырып, көтерілген мәселелердің дұрыс реттелуіне, білім беру гранттарын тағайындау жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуге шақырды.

28 тамыз 2017 г. 1 669 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 882 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 753 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930