» » Қостанай облысында білім беру саласының үздік қызметкерлері марапатталды

Қостанай облысында білім беру саласының үздік қызметкерлері марапатталды

  2017 жылғы 25 тамызда Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның концерттік залында Қостанай облысының әкімі А. Б Мұхамбетовтің қатысуымен білім беру қызметкерлерінің кезекті тамыз кеңесі өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 
 Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім беру департаменті директорының орынбасары, қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстың ірі кәсіпорындарының, облыстық білім басқармаларының басшылары, облыстық білім беру ұйымдарының директорлары, педагогикалық еңбек ардагерлері, педагогикалық және ата-аналар қоғамының мүшелері қатысты. «Қоғамдық сананы жаңғырту аясында білім беру сапасын жетілдірудің жаңа бағыттары мен проблемалары» атты негізгі баядаманы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Б. Б. Даумова жасады. Сондай-ақ, кеңесте Федоров ауданының әкімі Т. Қ. Исабаев, Амангелді ауданы әкімдігі білім бөлімінің басшысы С. О Төленов, Қарасу ауданының Железнодорожный ОМ биология мұғалімі А. И. Коптев, Қостанай жоғары политехникалық колледжінің директоры А. І. Дощанова, ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығының директоры А. А. Павличенко, патронат тәрбиешісі Г. К.Төлегенова сөз сөйледі. Кеңесті облыс әкімі А. Б.Мұхамбетов қорытындылады. Дәстүрлі түрде марапаттау рәсімі өткізілді, онда, әлеуметтік мәселелер бойынша облыс әкімінің орынбасары М. Қ. Жүндібаев білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгісімен марапатталды.   Барлығы білім саласының 71 қызметкері марапатталды. Оның ішінде «Орта білім беретін үздік ұйым» болып «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №1 лицей-мектебі» ММ танылды, оған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов 19 567 200 теңгеге сертификат табыстады.
 


















Дереккөз:Қазақпарат.
28 тамыз 2017 г. 2 287 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 13 099 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031