» » Қазақстандықтардың шетелде діни білім алуы заңмен реттелмек

Қазақстандықтардың шетелде діни білім алуы заңмен реттелмек

 29 тамыз күні ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде дін және азаматтық қоғам саласындағы Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Кеңеске қатысушылар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
 Іс-шараға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, Дін және азаматтық қоғам саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасы Төлеутай Сүлейменов, қоғамдық кеңес мүшелері, ҮЕҰ-лар, діни бірлестіктер, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Аталған тақырып бойынша Дін істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Еркін Оңғарбаев баяндама жасады. «Заң жобасын дайындау барысында мемлекеттік органдар,  қоғамдық бірлестіктер, сарапшылар қауымдастығы өкілдерінің және  азаматтардың ұсыныстары мен ойлары барынша ескерілді. Жаңа нормаларды енгізу барысында халықаралық тәжірибеге баса назар аударылды», - деп атап өтті Еркін Оңғарбаев. Заң жобасына Қазақстан азаматтарының шетелдерде діни білім алуын реттейтін жаңа норма енгізілген. Осының негізінде енді  еліміздің азаматтары Қазақстанда жоғары оқу орындарын аяқтағаннан кейін ғана шетелде діни білім ала алады. Түркия және Малайзия елдерінің тәжірибесіне сүйенсек, бұл елдердің азаматтары шет мемлекеттерде діни білім алу үшін ең алдымен өз отандарында жоғары білім алулары шарт. Заң жобасына енгізіліп отырған тағы бір жаңашылдық ол - кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерді ата-анасының рұқсатынсыз құлшылық етуге, діни рәсімдерді орындауға қатыстырмау. Мұндай нормалар Өзбекстан мен Тәжікстан елдерінің заңнамаларында бекітілген. Сондай-ақ, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында  адамның бет-бейнесін тұмшалайтын киім нысандарын қоғамдық жерлерде киюге тыйым салу көзделіп отыр (никаб, чадра, паранджа, балаклава, маска). Мәселен, Бельгия, Франция, Нидерланды, Болгария мемлекеттері адамның бет-әлпетін  тұмшалайтын киім нысандарына шектеу қою барысында халықаралық тәжірибеге сүйенген.  Шара соңында кеңес мүшелері өзара пікір алмасып, өз ойларын білдірді. Атап айтқанда, дін саласы, азаматтық қоғаммен қарым-қатынас және жастар саясатын жүзеге асыру салаларында жұмыстарды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды. 
30 тамыз 2017 г. 2 972 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 245 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 618 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031