» » Жаңа мектепке қабылданбайтынын естіген алматылық оқушылар жылап қалған

Жаңа мектепке қабылданбайтынын естіген алматылық оқушылар жылап қалған

 Алматы облысында мыңнан аса оқушы үшін биылғы алғашқы қоңырау соғылмауы мүмкін. Өйткені оқу жылы басталар тұста оларды өз аумағындағы жаңа мектеп қабылдамай қойған деп хабарлайды КТК арнасы.

 Осылайша, онсыз да жылдар бойы ауыл асып оқыған балалар қайда барарын білмей, еңіреп жүр. Ал құзырлы орындар мұны жаңа мектептің тым тарлығымен түсіндірді. Сөйтсек, 3 жарым мың оқушысы бар ауылға салынған білім ошағы бар-жоғы 600 орындық екен.Рахат ауылындағы мына мектепті тұрғындар ұзақ күткен. Нысанның құрылысы біткенде, әсіресе, оқушылар қатты қуаныпты. Бірақ алғашқы қоңырауға сақадай сай тұрған білім ордасының қызығын бұлар көрмейін деп тұр. Себебі, 15 күннен бері уақытты созып келген мектеп директоры бүгін оларды қуып шыққан.

"Күнде ертең кел дейді. Шаршатты. Бүгін соңғы күні еді", - дейді Рахат ауылының тұрғыны Нұрия Байжанова.

Алайда ашулы топ бұған көнбек емес. Онсыз да жылдар бойы оқушылар ауыл асып білім алған. Ал енді үйдің қасында су жаңа мектеп бола тұра, баламызды басқа жерге бермейміз дейді ата-аналар.Қажетті құрал-жабдықтың барлығымен қамтылған кабинетке оқушылар бүгін ғана кірді. Әзірге олар осының барлығын қызықтап, су жаңа парталарда отыр. Ал, ертеңнен бастап мұнда жаңа мектепке қабылданған басқа балалар келіп жайғасады.

Соңына дейін үміт үзбеген оқушылар осыны естігенде бірінен соң бірі жылап жіберді. Тұрғындар мұнда бармақ басты, көз қыстыға жол берілгеніне сенімді. Айтуларынша, жаңа мектепке өзге аумақтың балалары көптеп қабылданыпты.

"Қаланың тұрғындары өтіп алған, ауысып алған. Сосын өзімізге орын болмайды. Мұғалімдерімен қосып ауысқан, мұғалімдердің балалары тағы бар", - дейді Рахат ауылының тұрғыны Ділдара Қазақбаева.

Бірақ шенеуніктер мұны жоққа шығарды. Ал оқушылардың обалына қалған нәрсе – о баста дұрыс құрылмаған жоспар екен. Себебі, 3 жарым мыңдай оқушысы бар ауылға салынған мектеп бар-жоғы 600 орындық.

"3 мың баланы бұл мектепке сыйдыра алмаймыз. Ол мүмкін емес. Сол ретпен өзінің оқыған мектебінде оқиды", - дейді Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің басшысы Бәтес Аманова.

 Соған қарағанда, балалардың тағы өзге мектепке қатынап оқуына тура келмек. Ал мәселенің бір ғана шешімі бар. Ол – тағы да жаңа мектеп салу. Бірақ оның қашан бой көтеретіні белгісіз.
Дереккөз:NUR.KZ.
02 қыркүйек 2017 г. 3 059 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 228 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 613 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031