» » Қарағанды облысындағы кейбір мектептер құрылысшыларды сотқа беруде

Қарағанды облысындағы кейбір мектептер құрылысшыларды сотқа беруде

 Қарағанды облысындағы бірнеше мектептің директорлары экономикалық сотқа мердігерлік құрылыс ұйымдарының үстінен шағым түсіріп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
 Директорлар өз шағымдарында мердігер ұйымдарды жауапқа тартып, келтірілген шығынды төлетуді, жосықсыз ұйымдар тізіліміне алынуын талап етуде. Қарағандыдағы құрылыс компанияларының арасында қызмет көрсету және жұмыс кестесін сақтамау жағдайлары кездесіп отырады. Міндеттемелерді орындамау фактілерінің көптігін бір ұйымның үстінен бірнеше мектеп директорларының шағым түсіріп жатқанынан да аңғаруға болады. Атап айтқанда, екі құрылыс фирмасының үстінен төрт мектептің директоры бірдей шағымданған. Қарағанды қаласындағы №63 және №78 орта мектептердің директорлары «Alash progressive technology» ЖШС фирмасын мемлекеттік сатып алулардың нашар қатысушысы деп танып, келтірілген шығынды өтеуін талап еткен. Шахтинск қаласындағы балалар музыка мектебі мен Қарағандыдағы №59 орта мектеп те осындай шағыммен сотқа жүгінген, олар «ҚазЕвроҚұрылыс» ЖШС-ны мемлекеттік сатып алулардың жеткілікті орындамады деп айыптап, келтірілген шығынды өтеуін талап еткен. Шағым түсірушілердің арасында «Табыс-Зерде» ЖШС-ны сотқа берген Қарағанды қаласындағы кешенді балалар-жасөспірімдер орта мектебі де бар. Осы мектептің директоры фирмамен жасалған мемлекеттік сатып алулар жөніндегі келісімшартты бұзуды талап етуде. Шағымдардың барлығы қаралып жатыр. Сот отырыстары басталған. Атқарушы билік бұл фактілер туралы біледі және дауларды реттеудің кінәрат-талаптық тәртібі бойынша жұмыс жүргізілуде - фирмаларға келісімшартта көрсетілген тәртіппен кемшіліктерін реттеуге мүмкіндік беріледі. Қарағанды қалалық мәслихаттың отырысында Қарағанды әкімінің орынбасары Ирина Любарская мердігер ұйымдар келісімшарт талаптарын орындамағаны үшін әрбір кешіккен күн үшін келісімшарт сомасының 0,1 пайызы көлемінде айыппұл төлейтінін мәлім етті. 


04 қыркүйек 2017 г. 1 544 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 263 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 623 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031