Мәскеу түбінде жасөспірім мектепте атыс шығарған: Зардап шеккендер бар
Полиция Мәскеу түбіндегі мектепте атыс шығарған жасөспірімді ұстады, - деп хабарлайды РИА Новости құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап.
"Атыс шығарған жасөспірім қазіргі уақытта ұсталды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар. Төрт адам зардап шекті: мұғалім мен үш оқушы. Ешкім қаза тапқан жоқ", - деді дереккөз. Айтуынша, қазіргі уақытта оқушылар мен мұғалімдер ғимараттан шығарылған, олар білім беру мекемесінің спорт алаңында. Әзірше құқық қорғау органдарынан ресми түсінік алу мүмкін болмай отыр екен.
Дереккөз:Tengrinews.kz