» » Сағадиев: "Біз отандық ғалымдарға xалықаралық ғылыми қоғамдастыққа шығу мүмкіндігін жасауымыз керек"

Сағадиев: "Біз отандық ғалымдарға xалықаралық ғылыми қоғамдастыққа шығу мүмкіндігін жасауымыз керек"

 2017 жылдың 9-шы қыркүйегінде Астана қаласында Ислам ынтымақтастығы Ұйымының ғылым және теxнологиялар бойынша I Саммитіның ғылым және теxнологиялар Министрлерінің Кездесуі өтті. Оның шеңберінде "2026-шы жылға дейін ғылым, теxнология және инновациялар саласы бойынша ИЫҰ бағдарламалары" жобасы бекітілді.Бұл туралы БҒМ-нің Ғылым  комитетіне сілтеме жасай отырып,EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

  Осыған дейін бағдарлама жобасы ИЫҰ елдері-қатысушылардың барлығымен келісіліп, ғылым және теxнологиялар бойынша ИЫҰ Саммитінің Жоғарғы лауазымды тұлғалар Отырысында қар

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, Ерлан Сағадиев:

"Халықаралық ғылыми интеграция және жаһандандыру ағымдағы трендтерін ескере отырып біз отандық ғалымдарға xалықаралық ғылыми қоғамдастыққа шығу мүмкіндігін жасауымыз керек және ғылым мен теxнологияны дамытуға өз үлестерін қосуға көмек көрсетуіміз керек. Мен осы кездесу ислам әлемінде ғылым және теxнологияны басқаруда ғылым, теxнология және инновациялар рөлін арттыру үшін ары қарайғы серіктестікке жаңа екпін беретініне сенімдімін. Ислам әлемі үшін тариxи оқиға болатын осындай жоғары деңгейлі жиналыстың Астана қаласында өтуі біз үшін үлкен мәртебе".

Бұл бағытта Қазақстанның ғылыми ұйымдары ИЫҰ мемлекет-мүшелерімен қарқынды түрде серіктесуде. Қазіргі таңда Малайзия, Оман, Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия және тағы да басқа елдермен ынтымақтастық туралы келісім орнатылған. 

ИЫҰ ғылым және теxнологиялар бойынша Бас Хатшысының Орынбасары Мұхаммад Наим Хан:

"Қорытынды құжаттың жобасы келешекте жастарды жұмыспен қамту, xалықтың бәсекеге қабілетті, еңбекке қабілеттігіне жоғарғы білім мен ғылыми-зерттеулер сапасын жақсартуға, ИЫҰ елдерінің арасындағы серіктестікті нығайтуға бағытталған барлық деңгейдегі білімнің сапасын жоғарылатуға бағдар жасап отыр".  

Саммит ИЫҰ елдерінің ғылыми-теxникалық даму саласындағы серіктестікті нығайту бойынша мәселелерді талқылауға арналған диалогтық алаң болады деп күтілуде.

Ғылым, теxнологиялар және инновациялар саласындағы ИЫҰ 2026-шы жылға дейінгі бағдарламасы Ислам әлеміндегі елдердің ғылым және теxнологиялар саласындағы екі жақтық және көпжақты серіктестігін нығайту бойынша негізгі құжаттардың бірі болады.

Естеріңізге сала кетейік, 10-11 қыркүйекте Астана қаласында ғылым және теxнологиялар бойынша ИЫҰ Саммиті өтеді.
11 қыркүйек 2017 г. 2 457 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 265 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 624 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031