» » Петропавлда үздік оқушылар шәкіртақы алатын болды

Петропавлда үздік оқушылар шәкіртақы алатын болды

 Петропавлдық кәсіпкер озат оқушыларға шәкіртақы тағайындады. Андрей Исаков өзі оқыған мектептің 70 оқушысына қаржылай қолдау жасап отыр.

 Үздіктерге 5 мың мен 15 мың теңге аралығында шәкіртақы беріледі деп хабарлады "Хабар-24" телеарнасы.

«Бұл оларды ынталандырып, ілім-білімге деген құлшыныстарын оятуға мүмкіндік береді», – дейді іскер азамат.

Ғабит Мүсірепов атындағы №43 мектептің оқушыларына жылына 5 млн теңге қаржы қарастырылған. Кәсіпкердің көмегі бұл ғана емес. Ол 10 жылдан бері талапты балаларды қолдап келеді.

Дарья Ишина, мектеп оқушысы:

—Мен 11 мың теңге шәкртақы аламын. Мәселе ақшада емес. Бірақ бұл менің жақсы оқуыма сеп болады. Болашақта дәрігер болғым келеді.

Андрей Исаков, кәсіпкер:

—Бизнес қоғам мәселелеріне араласып, оның шешілуіне үлес қосуы қажет. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та айтты. Қазақстанда кәсіпкерлерге көп көмек көрсетіледі. Сондықтан біздің де қолдау жасағанымыз жөн.

Дереккөз:kaz.365info.kz.
12 қыркүйек 2017 г. 2 631 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 139 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 849 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930