» » Алматыда мектепке бірде-бір рет бармаған 11 жастағы қыз табылды

Алматыда мектепке бірде-бір рет бармаған 11 жастағы қыз табылды

Алматыда мектепке бірде-бір рет бармаған 11 жастағы қыз табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
 Бостандық ауданының Ювеналдық полициясының мәліметінше, қыздың туылғаннан бері құжаты жоқ, 36 жастағы анасы бұл жағдайды қызының жеке құжаттары болмауымен түсіндіріп отыр. "Анасы қызын жалғыз асырап отыр. Қыз оқудан бас тартып отырған жоқ, керісінше, құжаттарын дайындауға көмектесуді сұрайды. Біз әйелдің аты-жөнін анықтадық. Ол ешқандай есепте тұрған жоқ, осыған дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған", - деп хабарлады Жергілікті полиция қызметінің баспасөз қызметіндегілер. Енді әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау жөнінде ведомствоаралық комиссия әйелге көмектесіп, оның жауапкершілік деңгейіне баға береді. "Бұл мәселе жақын арада шешіледі деп ойлаймын. Қызы мен анасының құжаттарын дайындауға қатысты сұрақтарды көші-қог қызметіндегілермен және басқа да ведомстволармен қарастырып жатырмыз. Осыған ұқсас жағдайларда, яғни, 11 жастағы балалар мектепке бармаған болса, олар қазіргі уақытта арнайы түзету интернаттарында оқып жатыр", - деді Жергілікті полиция қызметі Ювеналдық полиция бөлімінің басшысы Лейла Әліпбаева.
15 қыркүйек 2017 г. 2 562 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 870 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 751 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930