» » Даниал Ахметов: ШҚО мектептері жергілікті тауар өндірушілер жиһазымен қамтылады

Даниал Ахметов: ШҚО мектептері жергілікті тауар өндірушілер жиһазымен қамтылады

 Өскеменде Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары мен Алматы қаласы тауар өндірушілерінің қатысуымен «Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерге арналған жиһаз өнімдері» көрмесі өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

 Өңірде жиһаздың сан түрін шығаратын 34 кәсіпорын жұмыс істейді. Өнім сапасы шетелдікінен асып түспесе, кем емес. Дегенмен, мектептер мен балабақшалар және облыстағы өзге әлеуметтік нысандар жергілікті жиһазды тұтына бермейді. Бұл, әлбетте аймақтық мазмұнның төмендеуіне себеп. Ендігі міндет – олқылықтың орнын толтырып, ШҚО тауар өндірушілерін қолдау.

- Әркез мектептерді аралағанда олардың бізде шығатын жиһазды емес, өзгенікін қолданатыны таңғалдырады. Биыл 7 мектеп салынып жатыр. Оған құйылған қаражат та көлемді. Сондықтан аймақтағы мектептер өзімізде шығатын жиһазды алуы керек. Сапалы, көп қызметті мектепке арналған жиһаз жасай бастаған соң, денсаулық сақтау саласының нысандарын қамти бастаймыз, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Бір ғана Өскеменде 404 профильді кабинет облыс әкімінің тапсырмасы бойынша халықаралық стандартқа сай жергілікті кәсіпкерлер шығаратын жиһазбен жабдықталады. Десе де, басты мәселе – тауар сапасы. Осы мақсатта алдымен өңірде бірыңғай стандарт жасалуы тиіс. Сондай-ақ, бұдан былай ШҚО тауар өндірушілері арнайы несие шарты бойынша , яғни, 8 жылға 8,5 пайыздық үстемемен қаржылай көмекке ие болады. Ол үшін «Даму» қорымен өзара келесімге мөр басылды.


19 қыркүйек 2017 г. 1 574 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 296 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 632 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031