» » Украина мектептері орыс тілінен бас тартып отыр

Украина мектептері орыс тілінен бас тартып отыр

 Украинаның Білім министрлігінде хабарланғандай, елдегі 70% мектептер орыс тілінен бас тартып отыр. Әртүрлі аудандарында орыс тіліндегі арнайы сыныптар жабылып, уақыттың көп бөлігін ағылшын тіліне аударуды көздеп отыр. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі news.rambler.ru мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

 Украинадағы мектептердің басым көпшілігі орыс тілінде білім береді. Осыдан 3 жыл бұрын орыс тілінде елдегі 17 мыңға жуық мектептер сабақ жүргізген.

Елдегі Білім министрлігі мамандарының айтуынша, бұл шешімді ата-аналар ағылшын тіліне көбірек уақыт бөлу үшін қабылдап отыр.

Жергілікті билік өкілдері де бұл шешімнің дұрыс екенін айтып, құптауда. Украин тілін меңгеру болашақта балалардың өздеріне керек екенін айтуда. Украинаның Херсонск ауданында 26 мектеп орыс тілінен бас тартып, украин тілінде сабақ жүргізуді бастады.

Херсонск ауданы Білім бөлімінің басшысы Евгений Криницкийдің айтуынша, келешекте барлық мектептер украин тіліне ауысады. Алдағы уақытта бірінші сыныпқа тек украин тілінде оқыту үшін балаларды қабылдамақ.

Украинаның Білім министрлігінің жаңа бағдарламасы бойынша алғашқы жұмыстар жүргізіліп жатыр. 7-9 сынып оқулықтарынан Лев Толстой мен Федор Достаевскийдің романдары алынып тасталды.

Айта кетсек, 2014 жылы Украинада орыс тілінің мәртебесі өзгеше болатын. Арнайы орыс тілін оқытатын орталықтар, орыс тіліндегі арнайы мектептер ашылды, орыс тілінде кітаптар басылып шықты, жаңа фильмдер орыс тілінде көрсетіле бастады. Шығыс Украина мен Қырым халқы украин тіліне қарағанда орыс тілін жақсы меңгерген. Оның себебі, барлық құжаттар орыс тілінде жүргізілген.

10 тамыз 2017 г. 2 507 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 163 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 596 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031