» » Түрік мұғалімдері Қазақстаннан саяси баспана сұрай бастады

Түрік мұғалімдері Қазақстаннан саяси баспана сұрай бастады

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі түрік лицейлерін жабуға қарсы болып, ресми Түркия билігінің бірнеше мәрте бетін қайтарғаны белгілі. Қазақстанның жастарына сапалы білім берген оқу орындарына деген ресми Астананың дұрыс көзқарасы екі ел арасындағы саяси мәселелерді күрделендіріп жіберуі мүмкін екені осыған дейін бірнеше рет айтылған. Сол сөз расқа айналатын түрі бар.

 Павлодардағы "Білім-Инновация" лицей-интернатының (бұрынғы қазақ-түрік лицейі) Түркиядан келген екі мұғалімі Қазақстаннан саяси баспана беруді сұрайды. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінде Әлібек Смайылов деген азамат хабарлады.

Оның айтуынша, оған Демирель Осман мен Алтыншаш Иса атты екі Түркия азаматы өтініш жасаған. Олар көп жылдан бері Қазақстанда қызмет етіп келе жатыр екен, олар жыл сайын өздеріне берілген (отбасымен бірге) визаларын ұзартып келген. Биыл сол визаларды ұзартуға шектеу қойылғанға ұқсайды.

Сондықтан да, виза ала алмай отырған Демирель мен Алтыншаш Қазақстаннан саяси баспана сұрап, көп уақыттан бері Қазақстанда тұратындықтарын, ешқашан да бұл елдің заңын бұзбағандықтарын алға тартады.

Әрине, бұл екі түрік азаматының өтініші ғана деуге болар. Бірақ, бұл екі адамның артында Қазақстанда жұмыс істеп кеткен мыңдаған мұғалімдер тұрған жоқ па? Екі ұстазға саяси баспана берсек, Түрік билігі өзіне жау санап отырған "Қызмет" ұйымының бар серкелері Қазақстанға ағылмай ма?

Еліміздегі қазақ-түрік лицейлерін сақтап қалу - өте дұрыс шешім. Қазір атауы да, заты да өзгерген ол мектептер саясаттың құралына айналып кетпеуі керек. Біздің айтарымыз осы.

Кемел Жанбаев

Abai.kz.

27 қыркүйек 2017 г. 2 566 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 276 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 628 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031