» » Алматылық жас кәсіпкер қытай тілін үйрететін балабақша ашты

Алматылық жас кәсіпкер қытай тілін үйрететін балабақша ашты

 Алматыда қытай тілінде де сабақ беретін бөбекжай ашылды. Жас кәсіпкер 20 млн теңге бөліп, 70 орынды балабақша салған. Онда қазақ, орыс және ағылшын тілдері де қатар оқытылады. Мекеме "Туған жер" бағдарламасы бойынша қолданысқа берілген деп хабарлайды Алматы арнасы.

Балалар «Балапан» бағдарламасы бойынша тәлім алады. Яғни, ата-аналар айына 65 мыңның жартысын ғана төлейді. Қалғаны үкімет есебінен қаржыландырылады.

 Мектепке дейінгі мекеменің ашылуымен 15 маман жұмысқа орналасты. Балабақшаның құрылысына жас кәсіпкер 20 миллион теңге бөлген.

«Алматы мен Қазақстанда бірнеше балабақша ашуды жоспарлап отырмыз. Қолжетімді бағаға жасауға тырысамыз. «Балапан» бағдарламасымен жұмыс істейміз»,- деді кәсіпкер Бақтияр Ахметбеков.

Медеу ауданында 18 мемлекеттік, 52 жеке балабақшада 7 мыңға жуық бүлдіршін тәлім алып жатыр. Балабақшаларда орындардың жетіспеушілігі әлі де бар.

Осы күні кезекте 2 мыңнан аса бала кезекте тұр. Алайда, бұл мәселе ептеп шешіліп келеді. Биылдың өзінде 7 жеке мектепке дейінгі мекеме ашылыпты.

Балабақша тәрбиеленушілері ата-аналарға және шақырылған қонақтарға, аудан басшылығы мен еңбек ардагерлеріне шағын концерт ұйымдастырды. Сонымен қатар, осы салада 50 жылдық еңбек өтілі бар мұғалім, Аягүл Миразова семинар өткізген.

Дереккөз:NUR.KZ.
28 қыркүйек 2017 г. 5 370 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 248 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 619 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031