» » Алматы мектептерінде «Өлкетану» жаңа пәні енгізілді

Алматы мектептерінде «Өлкетану» жаңа пәні енгізілді

 Алматы мектептерінде жаңа оқу жылынан бастап «Өлкетану» сабағы енгізілетін болды. Бұл туралы білім қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесінде қала әкімі Бауыржан Байбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
 Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында енгізіліп жатқан жаңа пән әзірге 5 мектепте қанатқақты режімде оқытыла бастайды. Қала әкімі кеңес барысында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберіндегі латын әліпбиіне көшу, туған жер, қастерлі географиялық орындар, жаһандағы қазақ мәдениеті мәселелерін тілге тиек етті. «Рухани жаңғыру» аясындағы сіздердің жұмыстарыңызға тікелей қатысы бар жобаларға тоқталғым келеді. «Туған жер» жобасы шеңберінде патриотизмнің ең жарқын үлгісі ретінде мектептерде туған жердің тарихын оқыту қолға алынбақ. Жас өрендер туған жерінің тарихын жақсы білуі керек. Ол - отансүйгіштіктің негізі. Сондықтан, былтыр ғана ЮНЕСКО шеңберінде өткен Алматының  1000 жылдығы аясында балаларға сүйікті қаласының 10 ғасырлық  тарихы мен бүгінінен мағлұмат беретін кітап шығарып, үлестірдік. Жалпы бұл бағытта елімізде  келесі оқу жылынан бастап орта білім беру жүйесінде «өлкетану» курсын енгізу жоспарланып  отыр. Алматы қаласы бұл міндетті орындауда алдыңғы қатардан табылып, жаңа оқу жылынан бастап аталған пәнді пилоттық жоба ретінде енгізетін болады», - деді Бауыржан Байбек. Сондай-ақ, қала әкімі қаланың барлық мектептерінде оқу жылының алғашқы күні Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Мен - өз отанымның патриоты» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілетінін айтты. Шаһар басшысы аталған тәрбие сағатына өзі жеке қатысатынын жеткізді. Оның айтуынша, білімді дамытуға мемлекет қаржысымен қатар жеке инвесторлар да қомақты үлес қосып келеді. «Бұл да «Туған жер» тақырыбымен астасып жатыр. Қалада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 175 жекеменшік балабақша мен шағын орталық ашылды, онда 5,7 мың бала тәрбие алып жатыр. Биыл 2000 баланы қамтыған 57 балабақша ашылды. Осының арқасында қала бюджетінен 14 млрд теңге үнемделген. Осы қаражатты біз мемлекеттік мектеп пен балабақша салуға жұмсайтын боламыз», - деді Бауыржан Байбек. Оның айтуынша, биыл Алматыда білім беру саласына 86 млрд теңге қарастырылған.  

27 тамыз 2017 г. 2 938 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 618 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 723 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031