» » Шағын жинақталған мектеп:бүгінде және болашақта

Шағын жинақталған мектеп:бүгінде және болашақта

 2017 жылдың 29 қыркүйегінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» «Шағын жинақталған мектептің педагогі: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы дамуының мәселелері» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді.Бұл туралы EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

 Шараға  ғылым саласының өкілдері Адамова М.Е., Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының шағын жинақталған мектептерді дамыту Орталығының директоры, Жакупова  А.Д., профессор, филология ғылымдарының докторы, Көкшетау қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік  универиситетінің оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры, Тасбулатова Г.Т.,  Ақмола облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы, п.ғ.к., Ақмола облысы білім басқармасының өкілдері, мұғалімдер қатысты.

Институттың оқытушылары шағын жинақталған мектепте оқытуды ұйымдастырудың және аталған мектептердегі мұғалімдердің кәсіби қырларын дамытуға байланысты мәселерді талқылады.Шағын жинақталған мектеп мәселелерін институттың оқытушылар құрамы бірнеше жылдан бері институт директорының оқу-дістемелік жұмыстары бойынша орынбасары шараның модераторы А.К.Акишевамен зерттеуде.Ол өз сөзінде қатысушылардың алдында, жаңартылған білім мазмұнын және жалпыұлттық «Мәңгілік ел» идясын жүзеге асыру барысында шағын жинақталған мектептердегі сабақ жүргізетін ұстаздарға ерекше көзқарас керектігін атады.

Шағын жинақталған мектептерде білім процестерін альтернативтік сыныптық-оқулық және әдістемелік қалыпта ұйымдастырып өткізуге заманға сай технологиялар мол мүмкіндіктер береді.

Конференцияда кең ауқымдағы сұрақтар көтерілді: нақты айтқанда шағын жинақталған мектеп ұстаздарының құзыреттілігінен сабақ ұйымдастыру ерекшеліктеріне дейін.Шағын жинақталған мектептердің болашақтағы дамуы және онда сабақ беретін ұстаздарды әдістемелік мүмкіншіліктері және ресурстық тұрғыда қамтамасыз ету жөнінде Манар Адамова өз баяндамасына атап өтті.

Конференцияға қатысушылар көптеген мәселелерді мектептерде- ресурстық орталықтарды ұйымдастыру арқылы шешуге болатынын алға тартты.     Мектептердегі  ресурстық орталықтардың мектептерде білім сапасының көтерлуіне  әсер ететіні туралы Ақмола облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік бөлімінің шағын жинақталған мектептер мәселелері бойынша сұрақтарды үйлестіруші Раушан Бағаналинова және Бұланды ауданына қарасты Капитонововка орта мектебіндегі ресурстық орталықтың директоры Алмагүл Қазкенова өз ойларын ортаға салды.

 Конференцияда баяндамалар кеңінен мұғалімдердің құзыреттіліктеріне арналды.Баяндамалар осы ұсыныстардағы әдістемелік және біріктірілген сыныптардың сабақ берудегі сапалық тұстары анықталды: сыни тұрғыда ойлаудың технологиялары,оқытуда мәселелік жеке тұрғыда бағдарларға байланысты болды.Әсіресе білімде сапаға жетудегі бірде-бір құралдың бастысы Smart –технологияларға басты назар аударылды атағанда бұл үрдістер жекеленген аймақтар үшін өте маңызды.

02 қазан 2017 г. 4 781 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 253 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 621 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031