» » Қарағанды облысында мектеп ғимараты қирап, бір адам зардап шекті

Қарағанды облысында мектеп ғимараты қирап, бір адам зардап шекті

 Қарағанды облысының Нұра ауданы Балықтыкөл ауылында екі қабатты мектептің ғимараты жартылай құлап қалды. Салдарынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдай бүгін таңертең болған.

«Нұра ауданы Балықтыкөл ауданындағы мектептің құлағаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Жөндеу жұмыстары кезінде, екі қабаттағы мектептің дәлізінде аумағы 4 шаршы метр болатын жерде төбені жабатын тақта сынып кеткен. Жұмысшы зардап шекті», - деді Қарағанды облысы ТЖД ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Оқиға орнына жедел құтқару жасағының құтқарушылары мен №25 арнайы өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері және әскери «Көмір» апаттан құтқару қызметінің құтқарушылары барды.

«Жергілікті орындаушы мекемелер мен құрылысшылар үйінді астынан шығарылып, зардап шеккен бір жұмысшы Шахтинск қалалық ауруханасына жөнелтілді. Төтенше жағдай орын алған кезде мектепте оқушылар болмаған. Ол жер ғимараттың жабық тұрған бөлігі», - деді Ж.Дәуренбекова.

03 қазан 2017 г. 1 805 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 253 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 621 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031