Ақтөбе облысында әкім мен мектеп директорының орынбасары тірідей жанып кеткен

Кейбір мәліметтер бойынша, тағы бір жұмысшы ауыр жарақат алған. Ол ауруханаға жеткізілген. Дереккөздің мәліметінше, әкім оқиға орнында тірідей өртеніп кеткен, ал директор орынбасары ауруханада көз жұмған. Олардың оқиға орнында қайдан жүргені әзірше белгісіз. Ақтөбе облыстық ТЖД өкілдері әзірше пікір білдірмей отыр. "ІІД өкілдерінің мәліметіне қарағанда, оқиға облыстағы Әйтеке би ауданына қарасты ауылда болған. 4 қыркүйекте шамамен 19.00-де далада шыққан өртті сөндіру кезінде үш адам өрт аумағында қалып қойып, шыға алмай қалған. Олардың бірі - ауылдық округтің әкімі - 1979 жылғы Батырбек Бірлепесов оқиға орнында қаза тапты, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді: 1978 жылғы мұғалім Жолдыбек Әбдіисламов, ол келесі күні қайтыс болды, яғни кеше. Тағы бір зардап шеккен Ж.Смайылов 1979 жылғы, ол ауруханада", - деп хабарлады облыстық әкімдіктегілер. Даланы шарпыған өрттің ауданы - 65 гектар.