» » Мектепке ақша жинайтындардың әңгімесін видеоға түсіріп алған келіншекке қысым көрсетіліп жатыр

Мектепке ақша жинайтындардың әңгімесін видеоға түсіріп алған келіншекке қысым көрсетіліп жатыр

  Ақтөбеде мектепке ақша жинамақ болған ата-аналар айқайласып қалды. Олар ескі парталарды өз қаражатына жаңаламақ болған. Бірақ қарсы шыққандарын белсенділері балағаттап, қоқаң-лоққы көрсетіпті. Ал білім ошағында ақша жинауға жол берген мектеп директоры дауға еш қатысым жоқ деп азар да безер. Керісінше, ісім жиналыстағы жанжалды әлеуметтік желіге жариялағандармен болсын деп отыр.Бұл  жайлы ktk.kz тілшісіне сілтеме жасай отырып,Алаш айнасы хабарлайды.

  Таңнан бері Ақтөбедегі №22 мектептің дәлізінде ата-аналар топырлап жүр. Көбі – әлеулеметтік желіге тарап кеткен бейнероликтің кейіпкерлері. Онда әйелдер мектепке ақша жинауға қарсы болғандарды жерден алып, жерге салып жатады.

-Я против.

-Что за детский сад. Мужчина тут стоит. Я бы сейчас штаны сняла показала.

-Почему я парты должна покупать?

Айқай шыққан сыныптың ата-аналары ақша жинауға мәжбүр екендерін айтады. Өйткені білім ордасындағы мүліктер біраз жылдан бері жаңартылмаған. Сынық партадан балаларының киімдері күнде бүлінеді екен. Егер биліктегілер мектепті уақытылы бүтіндеп отырғанда, мұндай шу болмас еді дейді.

-Парта мен орындық керек. Барының түк сиқы жоқ.

Мектеп директоры қазір бұған бас қатырып отырған жоқ. Ол әлеуметтік желі арқылы жиналыстағы жанжалдың видеосын таратқан әйелге шүйлігуде.

Айгүл Алдиярова, №22 мектеп директоры:

-Мен жеке сөйлесемін. Негізінде ата-аналар қарсы болып отыр. Ата-аналар жиналысын видеоға түсіруге ешкімнің ешқандай құқығы болған жоқ.

Ал қалалық білім бөліміндегілер қаражаттан қысылып отырған мектептер жоқ деп бет бақтырар емес. Керсінше ақша жинаған ата-аналарды кінәлайды.

Индира Бексұлтанова, Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы:

-Тамыз айында барлық мектептерге екі класты қамтитын партаға ақшаға бөлінді. Мүмкін кейбіреулер баласының тәуірлеу партада отырғызғысы келді ме? Ол енді өздерінің жұмыстары ата-ананың.

Жиналыстағы жанжалға қатысты мектеп директоры мен сол сыныптың жетекшісі жазаланатын болды. Олар ата-аналарды бөлмеде жалғыз қалдырғаны үшін айыпталып отыр. Ал ақша жинауға еш қатысы жоқ деп, басшыларына шаң жуытар емес. Бірақ қандай жаза қолданатынын білім бөліміндегілер айтпады.  

04 қазан 2017 г. 7 213 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 260 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 622 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031