» » Ересектер білімі:халықаралық диалог

Ересектер білімі:халықаралық диалог

 2017 жылдың 2 қазанында «Өрлеу» БАҰО АҚФ «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» «Интеграциялық үдерістің өмір бойы оқу мәдениетінің қалыптасуындағы орны мен ролі» тақырыбында V Халықаралық форум өткізілді.Бұл туралы EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Форумды ұйымдастырушылар «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы, Ақмола облыстық соғыс және еңбек ардагерлер кеңесі.

Форум модераторы «Өрлеу» БАҰО АҚФ «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ директорының орынбасары А.К.Акишева қатысушыларға шет елдік қонақтарды таныстырып, филиалдың осы атқарудағы білімдік қызметтердің маңыздылығын атап, аталған елдермен айтылған сұрақтарды шешілу мүмкіндіктерін және болашақтағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде де айтып өтті.

 Форум жұмысына«Өрлеу» БАҰО АҚФ «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» ұсынған үш мемлекет қатысты: Қазақстан, Ресей, Дания.Аталған елдердің өкілдері Нина Литвинова, «Санкт-Петербургтегі Еуропа үйі» президенті, «Ресейдегі Ересектерге білім беру апталығы» ЮНЕСКО науқанының ұлттық координаторы, экономика ғылымдарының докторы, Санкт-Петербург гуманитарлық білім беру институты экономика және басқару факультетінің профессоры және Финн Андерсен, құрметті профессор, Санкт-Петербург қаласы жазушылар Одағының мүшесі, Санкт-Петербург қаласындағы Дания мәдениет институтының директоры.

Фин Андерсен өз баяндамасында Даниядағы ересектерді оқытудың ерекшеліктерін айтып,бұл үрдістің тамыры тарихпен байланыстылығын алға тартты.

Одан әрі имидждік  алаңшаларда халықаралық серіктестерімізді қоғамдық-белсенді мектептердің ұйымдастырған шеберлік-сыныптық жұмыстары таң қалдырды.

Аталған шара шеңберінде Көкшетау қаласының әкімі Маржықпаев Ермек Боранбайұлымен кездесу болды.

 Іс-шара барысында қатысушылар ересектерді оқыту мәселелерінде Бурабай ауданында,Көкшетау қаласында белсенді түрде шұғылданатын білім ұйымдарының орталықтарымен танысты.

Форумның бір ерекшелігі осы жұмыстараға халықаралық серіктестердің,облыс және қала басшылықтарының,облыстық құрылымдарының белсенді түрде қатысулары, осымен қатар «үшінші жастағы тұлғаларға» байланыстары бар:соғыс және еңбек ардагерлері, ұстаздық жолдың еңбек ардагерлері,облыстың және қалалардың құрметті азаматтары. Мәселелердің бастысы ұсынылған жұмыстың жобалары ересектерді оқытуда болашақта ынтымақтастықты арттыру және дамыту болып табылады.

         

05 қазан 2017 г. 3 467 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 946 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031