» » Сыр өңірінің қасиетті орындарының картасы мен жинағы шығарылатын болды

Сыр өңірінің қасиетті орындарының картасы мен жинағы шығарылатын болды

 Мұндай шешім Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңестің отырысында қабылданды. 

Кеңес отырысында қаралған мәселелер мен қабылданған шешімдер Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген басымдықтарға негізделіп отыр.

- Көз ілеспес шапшаңдықпен даму үстіндегі жаһандану дәуірінде ұлттық жадымыз бен ел тұтастығын, рухани қазыналарымызды сақтап қалу - аса маңызды. Сондықтан, зиялы қауым өкілдеріне, оның ішінде біздің  Кеңесімізге де үлкен жүк артылып отырғаны сөзсіз. Тәуелсіздігіміздің алдыңғы ширек ғасырын, тарихымыздың алғашқы бөлімі деп алсақ, енді ел тарихының негізгі бөлімі басталды деуге болады. Ұлт Көшбасшысы мемлекетіміздің қарыштап жан-жақты дамуы үшін қоғамды модернизациялауды жіктеп берді. Осы ретте Қызылорда облысы еліміздегі рухани мәселелерде ньюсмейкер болуы тиіс деген ойымды айтқым келеді. Өйткені, қаймағы бұзылмаған Сыр елі - Алаштың анасы! Сонымен қатар, аймақтың қасиетті орындарының картасы мен жинағын шығаруды жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті аймақ басшысы.  

 Кеңестің бүгінге дейін отырыстарында көтерілген мәселелердің шешімі табылып, ауқымды жұмыстар атқарылды. Биыл Сығанақ, Жанкент, Шірік-рабатпен бірге ортағасырлық Сортөбе, Жент қалашықтарына және Аралдың кепкен табанындағы Кердері кесенесіне де археологиялық зерттеу жүргізілді. Сонымен бірге, келер жылы әлі сыры ашылмаған ортағасырлық «Қышқалаға» археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, Сығанақ қалашығын инфрақұрылымы жетілген толыққанды туристік орталыққа айналдыру үшін кешенді реставрациялық, реконструкциялық және археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан 2018-2020 жылдары кезең-кезеңімен барлығы 138,2 млн. теңге қаржы қарастырылып отыр.

Мұнан бөлек, Кеңес мүшелері Сырдария өзенінің бойында орналасқан Х-ХІХ ғ. тиесілі қазақ тарихында маңызды орын алатын айрықша сәулеттік 20-дан астам ескерткіш-мұнараның тарихы мен қызметі жайында келер ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында толыққанды зерттеулер жүргізуді көздеп отыр. 

Руханият және мәдениет саласына қатысты қаралған өзекті мәселелер Елбасы мақаласын жүзеге асыруда аса маңызды екені белгілі. Сондықтан аймақ басшысы көтерілген проблемалық сұрақтар мен берілген ұсыныстарды жүзеге асыру үшін жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

21 қараша 2017 г. 2 224 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 263 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 623 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031