» » БАҚ өкілдерін білім беру жүйесіндегі қамқоршылық кеңесінің алғашқы ашық отырысына шақыру

БАҚ өкілдерін білім беру жүйесіндегі қамқоршылық кеңесінің алғашқы ашық отырысына шақыру

 2017 жылы 29 қараша, сәрсенбі күні сағат 14:30-да Алматы қаласы № 90 лицейінде (М.Мәметова көшесі 53, Желтоқсан көшесінің қиылысы) қамқоршылық кеңесінің алғашқы ашық отырысы өтеді. БАҚ өкілеттерінің сұрақтарына  білім және ғылым министрлігінің өкілдері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және ата-аналар комитеті қамқоршылық кеңестің мүшелері жауап береді.

Қамқоршылық кеңесі 2007 жылдан бері жұмыс істеп жатыр, бірақ толық билікке ие болмаған. 2017 жылғы 27 шілдедегі білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес 2018 жылы барлық білім беру мекемелерінде (әскери, медициналық және арнайыны қоспағанда) қамқоршылық кеңестердің жаңа форматы енгізілетін болады.  

Қамқоршылық кеңесі қоғамдық бақылаудың бір түрі болып табылады. Қамқоршылық кеңесі іс жүзінде - білім беру сапасын, моральдық ахуалды және қаржыны бақылайтын, бюджеттік және қайырымдылық көмек көрсететін Қазақстан халқының өкілеттігі. Төмендегі жаңалықтар енгізіледі:

  • Қамқоршылық кеңесі білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді
  • Қамқоршылық кеңесі анықтаған кемшіліктерді жою бойынша уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді
  • Мекеме басшылығының есептерін қабылдайды
  • Қамқоршылық кеңестері аймақтық білім беру басқармасы тарапынан құрылатын болады

Қорыта айтқанда, мектеп, колледж және университеттерді басқарудағы ашықтықты арттыратын реформа басталуда.

БАҚ өкілеттері үшін байланыс:

ҚР БҒМ баспасөз қызметі:
8-707-111-9411

Ұйымдастырушы
Success K агенттігі 

8-701-746-1327



29 қараша 2017 г. 5 732 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 052 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 815 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930