» » Петропавлда жатақханада орын жоқ, баға да қымбаттады

Петропавлда жатақханада орын жоқ, баға да қымбаттады

 Өңірдегі жалғыз ғана жоғары оқу ордасы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жатақханасының құны бірден үш есеге дейін қымбаттап кеткен, деп хабарлайды 24.kz. Жастарға бөлме жетпей жатқанда бағаның шарықтауына не түрткі болды?
Аида Тілеуберген биыл жаңадан ашылған медицина мамандығына грантқа оқуға түскен. Студент тиісті құжаттарын уақтылы тапсырған соң, жатақханаға жайғасты. Бүгінде мына шағын ғана бөлмеде бес адам тұрып жатыр.
Аида Тілеуберген, студент: - Жатақханаға тұруға өтініш берген жастардың саны көп болды. Сондықтан 4 курс студенттерін орналастырған жоқ. Себебі бөлме жетіспейді.
Осы күнге дейін студенттер бір орын үшін жылына 30 мың теңге төлеп келген еді. Қазір баға 100 мыңға дейін қымбаттаған.
Ербол Исақаев, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ проректоры: - Бір жатақханаға біз жылына шамамен 30 миллион теңге жұмсайды екенбіз. Ал студенттерден түсетін қаржы тек 9 миллион. Оның үстіне коммуналдық төлем ақысы, жөндеу жұмыстары тағы бар. Сондықтан шығынға батпас үшін біз осындай шешімге келдік. Бүгінде Астана, Қарағанды, Павлодар қалаларындағы баға да осындай.
Айта кету қажет, биыл аталған оқу ордасына бөлінген грант саны екі есе артты. Оның үстіне 1 қазаннан бастап Үндістаннан тағы 150 студент оқуға келеді. Енді Елбасының бес әлеуметтік бастамасы аясында мұнда 2020 жылдың соңына дейін жатақхана тұрғызу жоспарда бар.
Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 2000-нан астам студентіне жатақханада орын жетіспейді. Мәселе өткір тұр. Сондықтан жергілікті билік студенттер қалашығы маңынан арнайы жер учаскесін бөлген. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. Сәтін салса 2019 жылдың көктемінен бастап 1200 орынға шақталған жаңа жатақхананың құрылысы басталатын болады.




24 қыркүйек 2018 г. 2 082 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 248 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 619 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031