» » Екі ірі университет ректорлары ауысты

Екі ірі университет ректорлары ауысты

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті (ШҚМУ) мен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (СҚМУ) – екі ректордың бос лауазымына кандидаттарды анықтау туралы Республикалық конкурстық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР БҒМ Баспасөз қызметі.  

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев төрағалық еткен құрамына белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері кірген комиссия ректор лауазымдарына кандидаттармен әңгімелесу өткізді. Конкурсқа өтінім білдірген 10 үміткердің ішінен ЖОО Бақылаушылар кеңесі 5-ін Республикалық конкурстық комиссияға ұсынды.   

Әңгімелесу қорытындысы бойынша ЖОО-ды дамыту бағдарламаларын талқылау және конкурстық комиссияның ұсынысымен Мұхтар Әділбекұлы Төлеген (ШҚМУ) және Серік Мәуленұлы Өмірбаев (СҚМУ) министрдің бұйрығымен ректорлар болып тағайындалды.

2016 жылдан бастап Республикалық комиссия конкурстық іріктеу бойынша Бақылаушылар кеңесімен 14 мемлекеттік ЖОО ректорларын таңдады.


Дереккөз: ИА "EDUNEWS.KZ"
29 қаңтар 2018 г. 3 208 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 594 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930