» » Алматы облысында 16 жастағы қыз кейуананы аяусыз ұрып-соқты деп күдіктелуде

Алматы облысында 16 жастағы қыз кейуананы аяусыз ұрып-соқты деп күдіктелуде

 Алматы облысында 16 жастағы қыз егде жастағы әйелді ұрып тастады деп күдіктілеп отыр. Оқиға туралы кейуананың қызы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлмекен есімді әйелдің сөзінше, кәмелет жасқа толмаған қыз 70 жастағы анасын аяусыз ұрып-соққан. Оқиға 21 қыркүйекте Іле ауданында орын алған екен.

«Анам кешкі сағат 17:00 шамасында аулаға шыққан. Осы кезде бір қыздың қоршаудан біздің ауламызға сиырларын кіргізіп жатқанын көріпті. Анам оған таяп келіп: «Не істеп жүрсің? Өзгенің бақшасына өз сиырларыңды кіргізуге ұялмайсың ба?» – деген», – деп жазады Ұлмекен есімді желі қолданушысы Instagram желісінде.

Өз кезегінде кәмелеткетолмаған қыз не істейтінін өзі білетінін айтқан. Артынша 70 жастағы кейуананыұрып-соға бастапты.

«Анам сиырлар байлаулы тұрған арқанды алмақболғанда, ол қыз анамды итеріп жіберген. Анам құлап қалған кезде, қыз оныңүстіне отырып алып, ұра бастаған. Оң қолындағы саусағын сыртқа қайырып,сындырып жіберген. Сүйегі терісін тесіп, сыртына шығып кеткен. Қан кетіп жатты.Мұнан кейін ол анамды шашынан сүйреп, басын таспен ұрғылаған. Аузынан аяғыментеуіп, тістерін сындырды. Кеудесінен, арқасынан тепкілеген. Қансырап жатқананам шок жағдайында болып, есінен танып қалған. Біраз уақыттан кейін ол есінжиған. Қыз әлі де ұруын тоқтатпапты», – дейді әйел.

Ұлмекеннің сөзінше, абырой болғанда, көршілерікейуананың соққыға жығылғанын көріп, қызды ажыратып алған. Ол балағат сөздерайтып, қашып кетіпті.

«Жедел жәрдем анамды ауруханаға алып кетті. Миы шайқалғанын, сүйегі сынғанын айтты», – дейді ол.

Әйелдің айтуынша, анасын соққыға жыққан қыз 16жаста. Ол Шамалған стансасындағы мектепте оқиды екен.

 Өз кезегінде Алматы облыстық ІІД-дегілертергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Аталған факті сотқа дейінгі тергеудіңбіріңғай тізімдемесінде тіркелді. Факті бойынша ҚР ҚК 107-бабына (Денсаулыққақасақана орташа ауыр зиян келтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарыжүргізіліп жатыр. Күдіктінің тұлғасы анықталды. Оқиғаға қатысты тиістісараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешімқабылданатын болады», – дейді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

26 қыркүйек 2018 г. 2 368 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 230 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 614 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031