Балабақшадағы сұмдық: тәрбиеші үш баланы пышақтап тастады

Қанды оқиға егде әйелге шабуылдаудан басталған, оған 31 жастағы ер адам араласқан, оның аяғынан пышақтаған. Содан кейін балаларға шабуылдай бастайды. Бұл кезде бөлмеде тоғыз бала болған.
Құқық қорғаушылар зардап шегушілердің өміріне қауіп жоқ екенін атап өтті. Қылмыскер біраз уақыттан соң балабақшаның жертөлесінен табылды, ол өзіне қол жұмсамақ болған. Қазір ауруханада жатыр, оны полиция бақылауға алды. Әйел қанды қоқиға болған балабақшада жұмыс істегені белгілі болды. Неліктен мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз.