» » Баламды қазақ балабақшасына берігенімде 15 миллион теңге үнемдеуші едім

Баламды қазақ балабақшасына берігенімде 15 миллион теңге үнемдеуші едім

  Кеше бір орыс әйел айтады "баламды қазақ балабақшасына беріп, кішкентайынан қазақ тіліне үйреткенде 15 миллион теңге үнемдеуші едім" деп. Баласының мықты математик екенін 5-ші сыныпта байқап, НИШ -қа тапсыру үшін бір жыл қазақ тілін қанша мұғалім жалдаса да еш үйрете алмағанын, тіпті тек қазақша сөйлесетін ортаны немесе оқушылар лагерін де іздеп таппағанын айтты. Содан НИШ-қа тапсырып, қазақ тілінен өте аз балл жинағандықтан грантқа түсе алмай қалыпты. "Енді баламның болашағы үшін NURORDA мектебіне ақылы негізде, жылына 3 миллион теңге төлеп оқытып жатырмыз. Бұл 5 жылда 15000000 теңге. Бүкіл сабақтан өте жақсы, тек қазақ тілінен ғана нашармыз. Мен осы өкінішімнен кейін біраз туыстарым мен достарымның балаларын қазақша балабақшаға бергіздім" деп отыр.

Енді жоғарғы оқу орнына да қазақ тілімен қосып, қазақстан тарихын қазақша тапсыруды міндеттесе, біразы қазақ балабақшасы мен қазақ мектептеріне беріп, тілдің абыройы артушы еді.

 
Мына фотодағы 8- ші сынып оқушысы Михаил , "Алпамыс батыр" жырының 50 бетін жатқа оқиды екен.

Ерлан Жұрынбаев(Фейсбук парақшасынан)

Алаш айнасы ақпараттық агенттігі.
28 қыркүйек 2018 г. 2 088 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 253 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 621 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031