Оқушы қызды зорлап, оның анасын өлтірген қылмыскер түрмеде отырмайтын болды
Үшінші сынып оқушысын зорлап, оның анасын өлтірген қылмыскердің ісіне қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлады Edunews.kz Sputnik Kazakhstan-ға сілтеме жасап.Полиция бұл қылмыстарға күдіктіні ізін суытпай ұстады. Тергеудің мәліметінше, орта жастағы ер адам бұрын бақ шаруашылығы бірлестігінде тұрған, ал сол күні мұнда балық аулауға келіпті. Ол ішімдік ішіп алып, ана мен қыз тұратын үйге кіріп келген. Қызды зорлап, араша түскен анасын шалбардың белбеуімен буындырып өлтіреді. Әйелдің жан айқайын естіген көршілер полиция шақырған. Жарақат алған қыз ауруханаға жатқызылды, әйелді бірнеше күннен кейін туыстары мен саяжай тұрғындары жер қойнына тапсырды.
Бұл екі қылмыс туралы іс тергеліп, Қызылорда облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына берілді. Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылды.









