» » Мемлекеттік гранттың саны артты

Мемлекеттік гранттың саны артты

2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік гранттың саны өсті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

 «2017-2018 оқу жылынан бастап, соңғы 5 жыл ішінде алғаш рет жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі өсті. 2017-2018 оқу жылына бакалавриатқа — 37 мың 932 грант бөлінді. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 6000-ға көп.  Магистратураға — 10 мың 004 орын. 2016 жылға қарағанда бұл көрсеткіш 2,5 мыңға көбейген. Ал PhD докторантураға — 1285 орын бөлінді», — делінді хабарламада.

Министрліктің хабарлауынша, мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуде педагогикалық, техникалық және әлеуметтік, қызмет көрсету саласы мамандықтарына басымдық беріледі.

17 шілде 2017 г. 48 846 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 20 730 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 22 533 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031