» » Инклюзивті білім беру: заманауи жағдайы, проблемалары және болашағы

Инклюзивті білім беру: заманауи жағдайы, проблемалары және болашағы

 2019 жылғы 12 наурызда Білім берудідамытудың инновациялық орталығы Павлодар қаласындағы есту және сөйлеуқабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернатыжәне облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп-интернатында «Инклюзивтіоқыту жағдайында ерекше білімдік қажеттіліктері бар балаларға арналған білімберу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинар өткізді, - деп хабарлайды "EDUNEWS.KZ" ақпарат агенттігі Павлодар облысы білім басқармасына сілтеме жасап.
Семинар жұмысына 100-гежуық педагог қатысты. Олардың қатарында мектеп директорларыныңорынбасарлары мен әдіскерлері, логопедтер, дефектологтер, тьюторлар,психологтер, балабақша тәрбиешілері де болды. 

Пленарлық бөлімде ерекше білімдік қажеттіліктері бар балаларды оқыту ерекшеліктері туралы Павлодар облысы білім беру басқармасының балалар құқығын қорғау және инклюзивті білім беру бөлімінің басшысы Баширова  сөз сөйледі. Аймағымыздағы инклюзивті оқыту мәселелері мен болашағы туралы ПМПУ педагогика кафедрасының доценті,педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика кафедрасының меңгерушісі Нұрмағамбетова Ботагөз Амангелдіқызы баяндады.Білім беру ұйымында ерекше білімдік қажеттіліктері бар балаларды енгізу шарттары мен алгоритмі туралы облыстық дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру басшысы Адамова Алтыншаш Қасқырбайқызы өзойларымен бөлісті. 

Семинар барысында инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беру мектептерінің, балабақшалардың ұстаздары және арнайы мектеп-интернаттар мамандары да тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушыларға арт-терапия, ТРИЗ технологиясы, кейс-технологиясы бойынша заманауи технологияларды қолдана отырып, ашық сабақтар мен шеберлік сағаттарыөткізілді.

Семинар аясында қатысушыларға ғылыми-әдістемелікәдебиет, көрнекі құралдар мен құрылғылар көрмесі ұсынылды, ерекшебілімдік қажеттіліктері бар балалармен жұмысқа арналған бейімдеу оқукабинеттері бойынша экскурсиялар Да ұйымдастырылды. 

Семинар қорытындылары бойынша әдістемелік ұсыныстарберілді.


Дереккөз:"EDUNEWS.KZ" ақпарат агенттігі.

01 мамыр 2019 г. 5 016 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 937 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930