» » Жас географтардың жетістіктері

Жас географтардың жетістіктері

  Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінде 2017 жылғы 19 қазанда география пәнінен VІІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өтті.  Шараға  Павлодар облысы Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары мен аудандарының мамандандырылған және жалпы білім беру орта мектептерінен 79 оқушы қатысты.Бұл туралы EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Олимпиада қорытындысы бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

І орынды «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 7 сынып оқушысы Жақсылық Нұршат және Екібастұз қаласы «Зерде» мамандандырылған мектебінің 7 сынып оқушысы  Кингирова Айым иеленді.

ІІ орын иегерлері: «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 7 және 8 сынып оқушылары  Амангельдинова Аделя, Сапаргали Әлиаскар, Бәри  Диас, Серикбаева Диляра, Павлодар қаласы №28 жалпы білім беру  орта мектебінің 8 сынып оқушысы  Полещук Юлия және  Назарбаев Зияткерліқ мектебінің 8 сынып оқушысы Сұртай Жангүл.

ІІІ орынға дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация»  лицей-интернатының 8 сынып оқушысы Сапаргалиева Қымбат және Павлодар қаласы №39 жалпы білім беру орта мектебінің 8 сынып оқушысы  Ишимцева Екатерина ие болды.

Құрмет грамотасымен дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 7 сынып оқушысы Жежера Михаил, Ақсу қаласы мамандандырылған гимназиясының 8 сынып оқушысы Дарганбеков Жомарт, Екібастұз қаласы дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің 7 сынып оқушысы Муханов Тимур және Назарбаев Зияткерліқ мектебінің 8 сынып оқушысы Тезекбаева Мадина.

23 қазан 2017 г. 10 004 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 602 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930