» » Тараздық НЗМ-де 80 әрекеттен тұратын игі жоба басталды

Тараздық НЗМ-де 80 әрекеттен тұратын игі жоба басталды

Бүгін Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Айналамыздағы әлемді өзгертетін 80 әрекет» жобасының тұсаукесері өтті. Жоба келер жылы Елбасының 80 жасқа толуына орай қолға алынып, оқу жылы соңына дейінгі сексен игі істі қамтымақ.

Салтанатты жиында мектеп директоры Тимур Нуркешов жиналғандарды жобаның негізгі бағыттары және мақсат-міндеттерімен таныстырды. Сондай-ақ, мектеп басшысы өз сөзінде бастама тек Зияткерлік мектеп емес, облыс көлеміндегі мектептердің де қатысуымен жүзеге асатынын атап өтті.

Жаңа бастаманың идеясы – Елбасының ұрпақ тәрбиелеудегі негізгі қағидаларын ұстана отырып, түрлі бағыттағы шаралар арқылы Зияткерлік мектеп қауымдастығы мен жергілікті халықты бір ортаға жұмылдыру. Жоба аясында оқу жылы соңына дейін атқарылуға тиіс он бағыттан тұратын 80 әрекет нақтыланды. Олардың ішінде қоршаған ортаны қорғау, қоғаммен байланыс, әлеуметтік, шығармашылық және басқа да салаларды қамтитын түрлі шаралар бар. Тұсаукесерге облыстағы дарынды балаларға арналған мектеп басшылары мен оқушылары шақырылды. Салтанатты жиынға дейін мектеп қонақтарына кампус-тур, ғылыми-шығармашылық көрме, сондай-ақ, танысу ойындары және концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" ақпарат агенттігі
11 қараша 2019 г. 1 503 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 280 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 629 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031