» » «ӨЗДІК МАРКЕТИНГ: ЖАС КӨШБАСШЫНЫҢ ТАБЫС ФОРМУЛАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ

«ӨЗДІК МАРКЕТИНГ: ЖАС КӨШБАСШЫНЫҢ ТАБЫС ФОРМУЛАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ

«Өрлеу» БАҰО» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы «Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»  Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Жастар жылын жариялау туралы» №784 Жарлығы аясында «Өздік маркетинг: жас көшбасшының табыс формуласы» облыстық жастар форумы өтті.

Форумның мақсаты: жастар ұйымдары мен көшбасшы жастарды біріктіру, дарынды және бастамашыл жастарды қолдауға жағдай жасау.

Аталған форумға Жамбыл облысындағы ЖОО-ның жас ғалымдары, оқу орталықтарының, жеке меншік мектепке дейінгі және орта білім ұйымдарының  басшылары мен педагогтері, кәсіпкерлер палатасының мамандары,  жас кәсіпкерлер және «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, «100  жаңа есем» жобасының жеңімпаздары шақырылды.

Іс-шара барысында Жамбыл облысының аймақтық жастар форумына қатысушыларға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант, Қазақстанның Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаевтың бейне құттықтауы жасалды. Депутат жастарға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Жолдауының негізгі ережелерін және елде жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін түсіндіріп, қатысушыларға жастар ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, жаңа идеяларды, сындарлы шешімдер мен өнімді талқылауды тіледі.

Форумда  4 бағыт бойынша жұмыс жасалып, талқыланды:

Білім берудің барлық деңгейлері (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орындары)  жас педагогтерінің өзін-өзі танытуы.

Жастардың бизнестегі табыс құпиясы.

Мектептен тыс ұйымдар жастарының табыс баспалдағы.

«Жас Отан» жастар қанатының көшбасшылары.

Форум барысында қатысушылар-жас көшбасшылар, дарынды, креативті, бәсекеге қабілетті, өз ісінің кәсіби шеберлері облыс пен елдің дамуына ықпал еткендер білімдерімен, идеяларымен, тәжірибелерімен және жетістіктерімен бөлісті.

Модератор: Аманова Гульхан Сабырханқызы


Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" ақпарат агенттігі
03 желтоксан 2019 г. 4 556 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 603 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930