» » Атырауда мектеп кітапханашылары кәсіби біліктіліктерін арттыруда

Атырауда мектеп кітапханашылары кәсіби біліктіліктерін арттыруда

Атырауда мектеп кітапханашылары кәсіби біліктіліктерін арттыруда. Бұл туралы "EDUNEWS.KZ" ақпараттық агенттігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына cілтеме жасап хабарлайды.
7 қазан күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектеп кітапханашыларының ақпараттық-білімділік ортаны құру және қызметін жүргізуді қамтамасыз ететін кәсіби құзыреттілік деңгейін дамыту мақсатында жалпы білім беретін мектептердегі кітапханашыларына арналған «Білім беру ұйымының ақпараттық-білім беру кеңістігін қалыптастырудағы кітапхананың рөлі» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсын бастады. 
Курс барысында мектеп кітапханашыларының әлеуеттік ұсыныстарын кеңейту, дамыту және заманауи бағыттау, кәсіби әрекетте сандық технологияны қолдану мәселесін шешуде АКТ құзыреттілігін қалыптастыру және кітапханашылардың оқырмандардың білім алу және танымдық қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін кітапхана жұмысының қазіргі моделін жасау мен жүзеге асыру дағдысының дамуына әсер ету жолдары көрсетілмек курсқа институт тренері Турганова Бибигул Калимуллиевна жете шілік етуде.
30 қазан 2019 г. 1 739 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 938 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031