» » Халықаралық ғылыми-практикалық конференция туралы

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция туралы

 «UDU» International scientific-educational journal» журналы  (ISSN: 2663-2543) 2020 жылдың 25-31 қаңтары аралығында «Заманауи білім беру жүйесі: тәжірибе, инновация және әдістеме» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтетіндігін хабарлайды.

Конференцияға қатысушылардың баяндамаларын қабылдау онлайн жүйеде өткізіліп, «EDUNEWS.KZ» білім және ғылым саласындағы ақпарат агенттігінің ресми сайтының «Ғылым» айдарында жарияланып отырады (2020 жылдың 25-31 қаңтары аралығы).

Халықаралық конференцияға Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Әзірбайжан елдері білім беру ұйымдарының педагог-мамандары, ізденуші жас ғалымдары мен зерттеушілері қатысады деп күтілуде.

Конференция туралы толық ақпаратты келесі байланыс нөмірлері арқылы білуге болады: 8-747-555-9060, 8-707-560-9060, 8-707-2559060, 8-707-9559060.

Конференцияға баяндама және мақалаларды сырттай қабылдау 2020 жылдың 15 ақпанына дейін жүргізіледі, қатысушылардың баяндамалары және басқа да ғылыми-педагогикалық еңбектері dala.ustazy@gmail.com электрондық жәшігіне жіберілуі қажет.

 

Ақпараттық хат

«Заманауи білім беру жүйесі: тәжірибе, инновация және әдістеме» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

 «Ұлы дала ұстазы» Халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы және «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы 2020 жылдың 25-31 қаңтары аралығында «Заманауи білім беру жүйесі: тәжірибе, инновация және әдістеме» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтетіндігін хабарлайды.

Конференцияға баяндамалар мен ғылыми-әдістемелік мақалаларды қабылдау онлайн түрде жүргізіліп, «EDUNEWS.KZ» білім және ғылым саласындағы ақпарат агенттігінің ресми сайтының «Ғылым» айдарында жарияланып отырады (2020 жылдың 25-31 қаңтары аралығы).

Халықаралық конференцияның жинағына Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Әзірбайжан мемлекеттерінің білім беру ұйымдарының педагог-мамандары, ізденуші жас ғалымдары мен зерттеушілері өз тәжірибелерін жібереді деп күтілуде.

Конференцияны өткізу уақыты: 2020 жылдың 25-31 қаңтары аралығы (онлайн түрде).

Ұйымдастырушы мекемелер: «Ұлы дала ұстазы» Халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы, «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы, «Руханиятты қолдау» қоғамдық қоры, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты.

Ақпараттық қолдау: «Alashinform.kz» қазақ ақпарат агенттігі, «EDUNEWS.KZ» білім және ғылым саласындағы ақпараттық агенттігі.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны өткізудің мақсаты: Қазіргі кәсіптік және орта білім берудегі негізгі бағыттар мен мәселелерді талқылау, саралау, сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі тәжірибе мен әдістемені бағалау. 

Конференцияның негізгі бағыттары: «Қазіргі білім берудегі өзекті мәселелер», «Орта және кәсіби білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялар мен инновациялар», «Мектепке дейінгі білім берудегі тәжірибе мен әдістеме».

Конференцияға баяндамалар, ғылыми-әдістемелік мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.

Ұйымдастырушы комитеттің төрағасы – Тұяқбаев Ғ.Ә., филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Қазақ тілі, әдебиеті және журналистика кафедрасының меңгерушісі;

Ұйымдастырушы комитеттің мүшесі - Ахтаев М.Б.,т.ғ.к., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиал Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ инновациялық білімдер жөніндегі директордың орынбасары;

Ұйымдастырушы комитеттің мүшесі – Гумарова А.Е., Астрахань мемлекеттік техникалық университетінің оқытушысы, Астрахань облыстық тіл және мәдениет жолдастық қоғамының мүшесі, Астрахань облыстық қазақ тілі мұғалімдерінің жетекшісі;

Ұйымдастырушы комитеттің мүшесі – Айтхан Т.М., магистр, Оңтүстік Калифорния Университеті;

Ұйымдастырушы комитеттің мүшесі – Бахтыбекова Ш.М., педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті.

Ұйымдастырушы комитеттің мүшесі – Байдалиев Д.Д., педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті;

Ұйымдастырушы комитеттің мүшесі – Жантаева А.М., экономика магистрі, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушысы.

Конференция жинағына жауапты редактор – Тұяқбаев Б.Ғ., «UDU» International scientific-educational journal» журналының Бас редакторы, халықаралық қатынастар саласының маманы;

Конференция жинағына жауапты редактор – Қуандықов Н.Е., «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығының атқарушы директоры;

Конференция жинағына жауапты техникалық редакторлар – Қозыева А., Замбаева Ғ., Әтімқұл Ж., Құралбаев Б., Сапибеков Б.

Конференцияға баяндама және мақалаларды қабылдау 2020 жылдың 15 ақпанына дейін жүргізіледі, қатысушылардың баяндамалары және басқа да ғылыми-педагогикалық еңбектері dala.ustazy@gmail.com электрондық жәшігіне жіберілуі қажет.

Конференция материалдарын рәсімдеуге қойылатын техникалық талаптар: Беттердің форматы А4, шрифт Times New Roman, 14 пт, жоғарғы және төменгі жиектер – 2,0 см, сол жағы – 3,0 см, оң жағы – 1,0 см; жоларалық арақашықтықтығы – 1; оң жақтағы жоғарғы бұрышында ӘОЖ, 2 интервалдан кейін баяндама атауы бас әріптермен, қою шрифтпен жазылады, 2 интервалдан кейін автордың аты-жөні, атағы, лауазымы, мекеме атауы, 1 интервалдан кейін, баяндама мәтіні азат жолдан; сілтемелер мәтіннің ішінде тік жақшамен беріледі (деректердің толық тізімі «Әдебиет» деген белгімен жұмыстың соңында беріледі); баяндама көлемі 5 бетке дейін.

Барлық сұрақтар бойынша «Ұлы дала ұстазы» Халықаралық ғылыми-педагогикалық журналының редакциясына хабарласуға болады, тел: 8-747-555-90-60.

16 қаңтар 2020 г. 12 112 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 226 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 613 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031