» » Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «тәтті кітаптар» фестивалі өтті

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «тәтті кітаптар» фестивалі өтті

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «тәтті кітаптар» фестивалі өтті. Бұл күні мектеп оқушылары белгілі әдеби шығармалардың тәтті көшірмелерін дайындап, көпшілікке ұсынды. 

Шығармашылық фестиваль «Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының оқуына ұсынылған 100 кітап» жобасы аясында өтіп, мектептің 50-ден астам оқушысын қамтыды.Балалар «Алиса в стране чудес», «451 градус по Фаренгейту», «Ромео и Джульетта», «20000 лье под водой» кітаптарының желісі бойынша өз өнерлерін көрсетті.Қазылар алқасы құрамына мектептің бас аспазшысы мен тіл мұғалімдер кірді. Олар ұсынылған жұмыстарды «Art-кітап», «Түпнұсқа-кітап», «Үздік актерлер», және «Delicious» номинациялары бойынша бағалады.Қатысушылар тәтті торт дайындаумен ғана шектелмей, әдемі таныстырылымдар жасап, шығармалар бойынша кішігірім театрландырылған көріністер көрсетті. Фестиваль мектеп асханасында тәтті кітаптармен шай ішуге ұласты.«Тәтті кітаптар» фестивалі – бүкіл әлемде атап өтілетін ерекше мереке. Оны алғашқы болып 2000 жылы Джудит А. Хоффберг пен Беатрис Корон ұйымдастырған. Олар француз гастрономы, «Физиология вкуса: остроумная медитация на еду» кітабының авторы Антельм Брилат-Савариннің туған күнін атап өту үшін аталған идеяны ойлап тапқан.

 










Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" ақпарат агенттігі 

04 ақпан 2020 г. 2 490 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 253 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 621 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031