» » САҒАДИЕВ: БИЫЛ ӘКІМДЕРДІҢ БІЛІМ ГРАНТТАРЫ БЕРІЛЕДІ

САҒАДИЕВ: БИЫЛ ӘКІМДЕРДІҢ БІЛІМ ГРАНТТАРЫ БЕРІЛЕДІ

 10 тамызға дейін ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеуді тапсырып шыққандар арасында мемлекеттік білім гранттарын тағайындау шаралары жүргізіледі, деп xабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, ағымдағы жылда гранттардың саны артып отыр. "Бакалавриатта 6 мыңға, магистратурада 2,5 мыңға, ал докторантура бойынша берілетін мемлекеттік гранттар екі есеге артады. Бұдан бөлек, биыл алғаш рет жергілікті билік органдарының гранттары тағайындалады", - дейді Сағадиев.

Айта кетейік, Үкіметтің бүгінгі отырысында министр Сағадиев жаңа форматтағы ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесін жариялады. Оның айтуынша, 14 мың мектеп түлегі тестті тапсыра алмады.

02 тамыз 2017 г. 1 882 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 13 187 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031