» » Ғалымдар көлемі Жермен бірдей жаңа планета ашты

Ғалымдар көлемі Жермен бірдей жаңа планета ашты

АҚШ-тағы Массачусетс технологиялық институтының ғалымдары шамамен 3 күн сайын жұлдыз айналасында айналатын Жердей планетаны тапты деп хабарлайды, edunews.kz Ақпарат Агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына cілтеме жасап.
Зерттеушілер НАСА-ның 2017 жылы іске қосылған К2 миссиясына қатысатын орбитадағы Кеплер телескопының арқасында планетадан сигналдар түсірді. Ғалымдар бұған дейін жүйеге SPECULOOS деп аталатын жердегі телескоптар желісін қолданып бақылаулар жүргізген. Ол сигналдар шамамен 3 күн ішінде жұлдызды айналып өтетін планетадан келетінін растады. "Жаңа планета K2-315b деп аталды, және бұл K2 миссиясы кезінде табылған 315-ші планеталық жүйе", – деді Массачусетс технологиялық институтының жер, атмосфера және планета ғылымдарының департамент доценті Прайвал Нираула. Зерттеушілер K2-315b көлемі Жерге ұқсас және Күннің шамамен бестен бір бөлігіне жуық салқын, массасы аз жұлдызды айналады деп есептейді. Планета осы жұлдыздың айналасында секундына 81 шақырым жылдамдықпен айналады, бұл сағатына шамамен 181 мың миль.


Дереккөз:KAZ.NUR.KZ порталы
24 қыркүйек 2020 г. 3 671 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 158 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 855 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930