» » Еңбегің кетпес далаға...

Еңбегің кетпес далаға...

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай рақат,шын бақытын тапса адам.

Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол — өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Осы нәтижеге жетіп жүрген мұғалімдердің бірі № 72 жалпы орта білім беретін мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абирова Қалжан Мырғазықызы.

Әріптесіміз жоғары санатты, білімді, білікті, кәсіби құзыреттілігі жоғары маман. Қалжан Мырғазықызы қалалық, республикалық, халықаралық олимпиадалар, ғылыми жобалар және түрлі байқаулар жеңімпазы. Тәрбиелеп отырған шәкірттері де өзі секілді қалалық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобаларда жүлделі орындарды иеленіп отыр.

Осы сәтті пайдалана отырып, Аймағанбетов Асхат Қанатұлыны және Қазақстандық барлық ұстаздарды төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын! 

 































Автор:

Усманов Бегмат Нуралыұлы 

№72 жалпы орта білім беретін мектеп директоры

Шымкент қаласы, 


 

01 қазан 2020 г. 1 616 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 497 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930