» » ГРАНТ ИЕГЕРІ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

ГРАНТ ИЕГЕРІ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

2020 жылдың 21 қазанында Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Жәңгір Мұрат Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Дәулет Кәрібекпен бірге Елордадағы балалар үйіне барып қайтты.

Жақында өткен «Волонтерлік жобаларды қолдау» байқауы аясында ең жас ерікті Жәңгір Мұрат байқау жеңімпазы атанып, Грант ұтып алған болатын. Ол карантин кезінде уақытты текке жібермей, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне гитара үйірмесі мен ағылшын тілі курстарын тегін өткізген. Байқаудан соң, Жәңгір өзімен ниеттес оқушылардан тұратын волонтерлік ұйым құрды. Команда құрамында Физика-математика бағытындағы НЗМ-нің 11-сынып оқушылары Сұлтан Мұратбек және Жақсылық Жеңіс сынды оқытушылар бар.

-       Еріктілердің жеке жобасына емес, қоғамға пайдалы болуына мән берілген байқау аясында белсенді жастармен бірге балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап тегін гитара үйірмесі өткізіледі. Одан бөлек үйірменің кестесіне сай ZOOM платформасында ағылшын тілінен де дәрістер жүргізіледі. Келесі жылы басқа да үйірмелерді ашуға өз тарапымыздан қолғабыс тигізетін боламыз, - дейді Жастар саясаты басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек.

Елордадағы Балалар үйі мен SOS балалар ауылында болып қайтқан НЗМ оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, балаларға сыйлықтарын табыстады.

  Алдымен, Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты басқармасына алғысымызды білдіреміз. Осындай керемет мүмкіндікке ие болып отырмыз. Екіншіден, жаңа дағды игерем деген балалардың ынтасына рақметімізді айтамыз. Аталған үйірменің арқасында барлығымыз тіл табысып, достасып кетеміз деген ойдамыз. Біздің ендігі мақсатымыз - әр мектептерден оқытушыларды жинап, белсенді еріктілерден құралған команданың жұмысын қала деңгейінде біріктіру, - дейді Жәңгір бастаған еріктілер тобы.

Кездесу соңында балалар өздеріне қуаныш сыйлаған аға буынмен естелікке суретке түсті.


Дереккөз: edunews.kz Ақпарат Агенттігі
23 қазан 2020 г. 1 417 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 941 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031