» » Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушысы әлемдік 8 университеттен шақырту алып отыр

Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушысы әлемдік 8 университеттен шақырту алып отыр

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Аяжан Әлихан әлемдік 8 университетке оқуға түсті.

Олар: Northwestern University (Doha, Qatar), Yonsei University (Seoul, SK), Yale-NUS College (Singapore), Koc University (Istanbul, TR), Fordham University (NY), Pace University (NY), Northwestern University (Chicago, IL), University of Miami (Miami, FL).

Аталғандардың барлығы 100 әлемдік үздік университеттер қатарына кіреді. Тізімдегі төрт жоғары оқу орны түлекке толық грант, қалғаны жартылай грант ұсынып отыр.

Аяулым мектепте жобалық жұмыспен айналысады. Түлек медицина мен экологиядан өткен республикалық конкурстардың, Санкт-Петербург пен Парижде өткен халықаралық конференциялардың жүлделі орын иегері. «Youth for Understanding» америкалық коммерциялық емес ұйымында тағылымдамадан өткен. «Еnvision Scholars» әйгілі жазғы алмасу бағдарламасының қатысушысы. Академиялық жетістіктері үшін мектеп атынан 2018 жылы Колумбия университетінің жазғы бағдарламасына да ұсынылған.

Аяулым мектептің және Алматы қаласының қоғамдық өмірінен де алшақ емес. БҰҰ моделі клубының (MUN club) негізін қалаушылардың бірі. «Еріктілер лигасы» мен «Recycle Birge» әлеуметтік қоғамдық қозғалысында волонтерлік тәжірибесі бар. Түлек, сондай-ақ, «International Global Network» жастарды дамыту ұйымының белсенді мүшесі, соның арқасында ол Малайзияның астанасы Куала-Лумпур мен Германияның Нюрнберг қаласында өткен халықаралық конференцияларға қатысуға мүмкіндік алған.  



Дереккөз: edunews.kz Ақпарат Агенттігі.
23 сәуір 2020 г. 5 405 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 945 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031