» » «Жұлдызды 100 түлек» жобасы іске аса бастады

«Жұлдызды 100 түлек» жобасы іске аса бастады

Әр университет жұмысының көрсеткіші– түлектері. Түлектердің еңбек жолындағы үздік жетістіктері – университет үшін зор мақтаныш. "Дулати университеті" түлектері қоғамның барлық саласында белсенді еңбек етіп, алдыңғы қатардан көрініп жүр, деп хабарлайды edunews.kz Ақпарат Агенттігі. 

Бүгін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Ұстаз» институтының «Ұстаз - ұлы есім» атты онкүндігіне орай «Музыка және хореография» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жұлдызды 100 түлек» жобасы  аясында Алматы қаласы Жамбыл атындағы филармония әншісі,  «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2015), ҚР Мәдениет саласының үздігі (2016),  «Музыкалық білім» мамандығының 2006 жылғы түлегі Дана Маханбаевамен онлайн кездесу өткізілді.

Кездесуге «Музыка және хореография» кафедрасының профессор-оқытушылары құрамы мен студенттер, қала мектептерінің музыка мұғалімдері қатысты.  «Музыка және хореография» кафедрасының меңгерушісі П.Ж.Абдикеримова «Жұлдызды100 түлек» жобасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасының 30 жылдығы  айтулы мерекесіне орай жүзеге асырылатынын айтып, аталған жобаның мақсаты, міндеттерімен таныстырды.

Мақсаты: Өз ісінің шебері атанып, туған университетінің дәрежесін көтеріп жүрген барша түлектермен байланыс орнату, жетістіктерін дәріптеу.

Жобаның міндеттері :

  • Дулати университетінің түлектерімен тығыз байланыс орнату.
  • "Жұлдызды 100 түлек" жинағын шығару.
  • "Шәкірт-Түлек- Тұлға" атаулы кабинет ашу.

Кездесу «ДАНАНЫҢ СТУДЕНТТІК ӨМІРІ» виртуалды саяхатпен басталды. Дана Маханбаева бұл тосын сыйға таң қалып, студенттік жылдарын, ұстаздарын сағынғанын айтып, «Бейнежазбаларды көріп, көзіме жас алдым, бүгінгі қол жеткізген жетістіктерім ұстаздарымның арқасында»,- деп ағынан жарылып, ұстаздарға бас иіп, алғысын білдірді.

Студенттер өз тарапынан«Қазіргі кезде шығармашылығыңызда қандай өзгерістер орын алуда?»,«Алдағы уақытта білім беру ісімен айналысасыз ба?»,«Қазіргі заңға сәйкес фонограммасыз ән айтуға қөзқарасыңыз қандай?» т.б. сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Әнші жетістікке жетудің сыры- талмай еңбектенуде екенін айтып, бүгінгі жастарды көп еңбектенуге шақырды.

«Ұстазсыз- шәкірт тұл, шәкіртсіз- ұстаз тұл»,- деп дана Абай айтқандай, ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластық, құрметтеу орын алған, бүгінгі шәкірттер өздеріне өмірлік ой түйіндеген кездесу осылайша мәресіне жетті. Алдағы уақытта жоба аясындағы атқарылатын жұмыстар жалғасын табатынын қуанышпен айтқымыз келеді.


ПЕРИЗАТ ӘБДІКЕРІМОВА  

Дулати Университеті
«Музыка және хореография»

кафедрасының меңгерушісі

02 желтоксан 2020 г. 3 804 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 005 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 800 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930